Меню

Страницы

Статья

Күйдіргінің алдын алу

Күйдіргі – көбінесе тері түрінде, сирек жағдайда өкпе және ішек түрінде кездесетін жіті бактериялық зоонозды инфекция. Күйдіргінің қоздырғышы Bacillus anthracis.

Инфекция көзі – үй жануарлары (ірі қара мал, қойлар, ешкілер, түйелер, шошқалар).

Күйдіргі жануарларда мынадай белгілерімен ерекшеленеді:

- 3-4 күннен аспайтын жұқтыру кезеңі;

- ауыр қызба жағдайы, жүрек-қан тамыр қызметінің бәсеңдеуі, бас ауыруы, қантышқақ және құсу;

- ауру тез өршіп, жануарлар 2-3 күннің ішінде өліп кетеді.

Адам ауруды ауыл шаруашылығы жануарларына күтім жасаған кезде, сойған кезде, ет өңдеген кезде, сондай-ақ мал өнімдерімен жұмыс істеген кезде (тері, үлбір, жүн, қылшық өңдегенде) жұқтырады.

Инфекция күйдіргі қоздырғышының споралары 10 жыл немесе одан да көп уақытқа сақталатын топырақ арқылы жұғуы мүмкін (мысалы, ауру жануарлардың нәжісі мен зәрімен ластанған жайылымда). Споралар ластанған тағамдарды жеген кезде теріге микрожарақаттар арқылы енеді.

Адамнан адамға жұғу байқалмаған. 

Алдын алу шаралары:

- ауыл шаруашылығы жануарларының күтімі және мал шаруашылығы өнімдерімен қатынасу кезінде жеке гигиена қағидаларын сақтау;

- өлген жануарлардың мәйттерін өз бетінше кәдеге жаратпау (жануарлар күйдіргіден өлген жағдайда өлекселері өртеліп, олардан алынған тамақ өнімдері жойылуы тиіс);

- аурудың, жануарларды мәжбүрлі союдың немесе өлімінің әрбір жағдайы туралы ветеринариялық мамандарға хабарлау;

- күйдіргі ошағында жұмыс жасайтын мамандар (санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, ветеринариялық қызмет мамандары, зертханалық диагностикамен айналысатын зертханалардың мамандары), ет өңдеу кәсіпорындарының қызметкерлері және ауыл шаруашылығы жануарларын союмен, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтаумен, өңдеумен және өткізумен кәсіби айналысатын адамдар міндетті түрде профилактикалық екпелер алуы тиіс;

- мал өлексесін көметін жерлердің, мал шаруашылығы объектілерінің тиісті жай-күйін бақылауды қамтамасыз ету;

- шикізатты дайындау, сақтау және тасымалдау және өңдеу кезінде ветеринариялық-санитариялық қағидалардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.

Күйдіргіні жұқтырмас үшін, ұйымдастырылмаған сауда орындарында жеке тұлғалардан шығу тегі белгісіз етті сатып алмаңыз!

 

Дата публикации
20 апреля 2023
Дата обновления
20 апреля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы