Өртті байқаған адам ең біріншіден өрт сөндірушілерге - 01, ұялы телефон арқылы - 112 телефондары арқылы хабарлауы керек.
Міндетті түрде:
- Кез келген қоғамдық орында, шығу жолын есте сақтаңыз;
- Әрбір қоғамдық орында өрт болған жағдайда эвакуациялау жоспары бар;
- Дәліздер мен баспалдақ торларындағы жасыл шамдар эвакуацияға арналған авариялық жарықтандыру шамдары болып табылады;
- Түтін иісін немесе « Өрт !» деген айғай естісеңіз, сабыр сақтаңыз;
- Айналаңызға қарап, жағдайды бағалаңыз;
- Көп қабатты үйде лифт шақыруға тырыспаңыз, оданша баспалдақпен төмен түсіңіз;
- Үлкен биіктіктен терезеден секіруге болмайды;
- Егер сіз үйден кетсеңіз, есіктерді артыңыздан жабуды ұмытпаңыз ( кілтпен емес )
Мұның бәрі өрт сөндірушілерге сізді тауып, өміріңізді сақтап қалуға мүмкіндік береді!
Ақсу қаласының ТЖБ