Безгек - қауіпті жұқпалы ауру, оның қоздырғышы плазмодий паразиті болып табылады, олар науқас адамнан дені сау адамға безгек масаларының шағуы арқылы беріледі. Ауру тропикалық климаты бар елдерде жиі кездеседі.
Безгек белгілі бір елдерде жиі кездеседі: Вьетнам, Колумбия, Үндістан, Шри-Ланка, Бразилия, Африканың жекелеген бөліктері. Безгек масаларының мекендейтін жерлерінде бүкіл әлем халқының шамамен 40% тұрады.
Берілудің негізгі жолы- безгек масасының (аналық масаның) шағуы.
Бірақ инфекцияның жұғуының анағұрлым сирек келетін жолдары бар:
- инфекцияны жұқтырған анадан балаға,
- инфекцияны жұқтырған адамның қанын құю кезінде,
-жұқтырған адамға қолданылған шприцпен қайталап инъекция жіберу кезінде.
Аурудың мәні - шағу кезінде паразиттер - безгек плазмодиялары бауырға қан арқылы енеді. Олар эритроциттерді бұзады және көбейе береді, барлық жаңа қан жасушаларына әсер етеді.
Аурудың симптомдары жұқтырылғаннан кейін 1-ден 4 аптаға дейін әр түрлі уақыт аралығында пайда болады.
Безгек плазмодиясын жұқтыру белгілеріне мыналар жатады: қызу көтерілу, шамадан тыс терлеу, әлсіздік, бас ауруы.
Аурудың басқа белгілеріне мыналар жатады: буындардың ауыруы, бауырдың, көкбауырдың ұлғаюы, диарея, дене температурасының жоғарылауы, жүрек айнуы мен құсу, анемия, қатты әлсіздік, жүрек жұмысындағы проблемалар.
Егер алғашқы белгілер байқалса, осы белгілер тіпті шамалы көрінсе де, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Безгектің төрт түрі бар:
- Тропикалық-бұл ең көп таралған және қауіптісі болып келеді - басқаларға қарағанда жиі асқынулар тудырады. Ауру жағдайларының 90 % - дан астамы дәл осы түрге жатады.
Төрт күндік-бұл аурудың жедел ұстамаларының көбінесе 72 сағаттан кейін болатындығына байланысты аталған.
Үш күндік-бұл жағдайда безгек ауруы орта есеппен 40-48 сағаттан кейін жиі болады.
Сопақ-безгек- безгек циклі алдыңғы нұсқаға ұқсас.
Безгек диагнозы симптомдар мен қан анализдерін негізге алынып қойылады. Егер инфекцияға күдіктенуге себептер болса, бірақ бірінші талдау теріс нәтиже берсе, зерттеу 4-6 сағаттан кейін қайталанады, бұл жағдайда зертханалық диагностика әдістері дәлірек нәтиже береді. Безгекті емдеу тек дәрігерлердің бақылауымен ауруханада жүргізіледі. Көбінесе, жалпы жоспармен қатар, пациент ең жақсы нәтижеге жету үшін жеке тәсілді қажет етеді.
Безгектің алдын алу.
Тасымалдаушы масаларды жою, бөлмені инсектицидтермен өңдеу, маса шағудың алдын алу.