Меню

Страницы

Статья

Сібір жарасы

Күйдіргі –адамдар да жануарлар да ауыратын аса қауіпті жұқпалы ауру. Күйдіргі ауруының көзі – ауруды жұқтырған жануарлар. Күйдіргі ауылшаруашылық және жабайы тұяқтылар арасында кездеседі. Аурудың адамға жұғуы күйдіргі ауруына шалдыққан жануарларға күтім жасау кезінде, оларды сою, терісін алу, мүшелеу, етін өңдеу, сақтау және тасымалдау барысында болады.

Жануарлардың ауруды жұқтыруының басты жолын залалданған жем, сумен байланыстырады, көбінесе жайылым жерлерде, сонымен қатар ауру қоздырғышының зақымдалған тері, ауыз қуысының сілемейлі қабықтары, конъютива арқылы таралады.

Аурудың алдын алу және күресу шаралары – күйдіргіге шалдыққан жануар анықталған жағдайда оны оқшаулап, жедел емін ұйымдастыру. Мал өлген жағдайда, себебі анықталады, малдың өлексесі өртеледі. Күйдіргі анықталған елді мекенде шаруашылықта карантин түріндегі шектеу шаралары белгіленіп, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі.

Адамдарды күйдіргінің инфекциясынан қорғау шараларына мыналар жатады:

- мал фермаларының, ет комбинаттарының, мал сою пункттерінің және мал шикізатын өңдейтін кәсіпорындардың жұмысшыларын комбинезонмен қамтамасыз ету;

- қолды сабынмен тазалап жуу, комбинезондарды жуу және дезинфекциялау;

- жайылымдарды, мал қораларын және үй-жайларды аурудан тазарту және дезинфекциялау;

- күйдіргіге шалдыққан немесе аурудың күдігі бар жануарларды күтіп-бағу және сою жұмыстарына жарақаттанған, қолында сызаттар және терінің басқа да ашық жерлері бар адамдарды жібермеу.

Халық арасында күйдіргінің пайда болу мүмкіндігін болдырмау үшін медицина қызметкерлері алдын алу шараларының кешенін жүргізеді, оған адамдардың жұқтыру мүмкіндігінің алдын алу бойынша санитариялық-гигиеналық шаралар, профилактикалық егулер, санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізіледі.

Өзіңіздің және жақын адамдарыңыздың өмірін қорғаңыз!

Дата публикации
17 марта 2023
Дата обновления
17 марта 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы