Құтыру-бұл адам мен жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы ауруы, орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталады және емделмеген жағдайда өліммен аяқталады.
Құтырудың инкубациялық кезеңі әдетте 1-3 айға созылады, бірақ құтыру вирусының жұғу орны және вирустық жүктеме сияқты факторларға байланысты 1 аптадан 1 жылға дейін өзгеруі мүмкін.
Құтыру вирусы адам ағзасына ауруға шалдыққан жануарлардың (үй жануарлары, ауылшаруашылық жануарлары, жабайы жануарлар, жарқанаттар мен кеміргіштер) тістеуі, тырнауы, терісі мен шырышты қабығының сілекейі арқылы жұғады.
Құтыру ауруының белгілері: дене температурасының жоғарылауы, депрессия, ұйқысыздық, мазасыздық, тістеген жерінің ауырсынуы, шудан, жарықтан тітіркенуі, аяқ-қол бұлшықеттерінің құрысуы, судан қорқу, сандырақ, қорқыныш сезімі, галлюцинация, сілекейдің жоғарылауы, тұншығу және тыныс алу бұлшықеттерінің сал ауруы.
Жануарлардың, әсіресе ауруды жұқтырған, белгісіз немесе жабайы жануарлардың тістеуі, тырнауы, сілекейі жұққан жағдайда:
- ең алдымен жараларды, сызаттарды кір сабынмен жуу керек,
- дереу медициналық мекемеге травматологиялық пункттерге немесе хирургиялық кабинеттерге көмекке жүгіну қажет.
Құтырудың алдын алудың жалғыз құралы-антирабиялық вакцинация, оның тиімділігі медициналық көмекке жүгіну мерзіміне байланысты.
Есіңізде болсын: осы шараларды қолданбай өткізіп алған әрбір күн өмірге қауіп төндіреді!