Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағы, 38-1 бабы 7-тармағына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты туралы үлгі ережені бекіту туралы» № 294 бұйрығына сәйкес,
қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
- Ақсу қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі «Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 283/3 қаулысының күші жойылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімінің орынбасары М.Б. Зеновке жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н. Дүйсенбинов
«Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Ақсу қаласы әкімдігінің қаулы жобасына түсіндірме жазбасы
«Ақсу қаласы Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі