Меню

Страницы

Статья

Ақсу қаласының әкімі Н.Ш. Дүйсенбиновтің Ақсу өңірінің тұрғындарымен кездесудегі баяндамасы

Құрметті Ақсу өңірінің тұрғындары!

 

Қаланың экономикалық және қоғамдық-саяси саласында Сіздермен бірігіп өткізген 2022 (екі мың жиырма екінші) жылы жұмыстың қорытындысы бойынша нақты нәтижелерге жеттік және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң даму серпінін көрсетті.

Мәселен, өнеркәсіптік кәсіпорындары өнімді 796,3 (жеті жүз тоқсан алты да үш) млрд. теңге сомасына немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,1% (жүз де бір пайызға)  өндірді.

Қала энергетиктері 14,6 (он төрт те алты) млрд. кВт/сағат электр энергиясын өндірді, ал металлургтер 1162,4 (бір мың жүз алпыс екі де төрт)  мың тонна ферроқорытпа өндірді.

            Негізгі капиталға құйылатын инвестицияның 12,1% (он екі де бір пайызға) өсуі байқалады, 82,3 (сексен екі де үш) млрд. теңгені немесе өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 112,1% (жүз он екі де бір пайызды) құрады.

            Өткен жылмен салыстырғанда бой көтерген тұрғын үйлердің көлемі 9,0% (тоғыз пайызға) өсіп, 61,9 (алпыс бір де тоғыз) мың шаршы метр болды.

            Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,4% (тоғыз пайызға) ұлғайып, 34,4 (отыз төрт те төрт) млрд.теңгені немесе 108,4% (жүз сегіз де төрт пайызды) құрады.

            Бөлшек сауда көлемі ұқсас кезеңмен салыстырғанда 100,0% (жүз пайыз) деңгейінде орындалды.

         Агроөнеркәсіптік кешенде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 2022 (екі мың жиырма екінші) жылы 7,3% (жеті де үш пайызға)өсті. Жыл қорытындысы бойынша  38,1 (отыз бес те төрт) млрд. теңгеге өнім шығарылды.

  1. Өңірде тұрғын үй құрылысы бойынша мынандай жұмыс атқарылуда.

Тұрғын үй алуға кезекте шамамен 2399 (екі мың үш жүз тоқсан тоғыз) адам тұр.

Біз Жаңа жыл қарсаңында Строителей көшесі 49-үйдің 80 (сексен) пәтерінің кілтін кезекте тұрған әлеуметтік санаттарына табыс еттік (жалдамалы баспана).

Ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік әлсіз санаттары үшін Х.Доспанова көшесі 34 (отыз төртінші) тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарда тұр (144 (жүз қырық төрт) пәтер.  Жалдамалы баспана.).

Осы жобаны іске асыру 144 (жүз қырық төрт) кезекте тұрғандарға  жалдамалы пәтер алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Дөнентаев көшесі 44 (қырық төрт) («Портал ПВ» ЖШС) және Дөнентаев көшесі 46 (қырық алты) бойынша («АСТ технологиясы» ЖШС) екі үйдің құрылысы ағымдағы жылы аяқталады. Осы пәтерлерді беру Отбасы банкісі бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Анықтама: (168 пәтер. Несиелік баспана)..

Ақсу қара металлургия колледжінің қасындағы Әуезов көшесі 6/2 (алты да екі) бойынша алаңы 4565 (төрт мың бес жүз алпыс бес) шаршы метр жер телімі 2007 (екі   мың жетінші) жылдан бері жеке меншік құқығында тұр, онда үлкен шұңқыр қазылып, 15 (он бес) жыл бойы құрылыс салынбай тұрды. Қала әкімдігімен жердің иесін іздестіру жұмысы өткізілді, Астана қаласынан инвесторлар шақырылды. Қазіргі уақытта жер телімін инвестор сатып алып, шағын көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салуға рұқсат қағаздарын дайындады. Инвестор жұмыстарды көктемге (сәуірге) жоспарлады. (Әуезов-Дөнентаев, «KarzhauDevelopment»,  250,0 млн. теңге).

Жеке тұрғын үй құрылысы кеңінен дамыту аясында № 14 (он төртінші) және 15 (он бесінші) шағын аудандарында жер үйлер салынуда, қала әкімдігінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 67/2 қаулысымен бекітілген шағын ауданды егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес алаңы – 80 гектар, 380 үш жүз сексен)үй салу салуға арналған учаскелер бар.

Учаскелердің жалпы саны – 380.

Берілген учаскелер - 255

Салынған үйлер саны -134 жеке тұрғын үйлер, оның ішінде:

Салынып жатқан - 62

Қайтарылған учаскелер – 59

Беру сатысында – 125

2022 (екі мың жиырма екінші) жылы Ақсу қаласының Бас жоспарына түзету енгізілді. Ауқымды тұрғын үй құрылысы кешені, қызмет көрсету объектілері және басқа да бизнес объектілері құрылысын салу мақсатында алаңы 1957 (бір мың тоғыз жүз елу жеті) гектар қаланың шағын аудандарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету осы жылы жасалады.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

2 Біздің өңірде күрделі мәселелердің бірі – жолдардың жағдайы болып табылады

Қалалық бюджеттен 2022 (екі мың жиырма екінші) жылы Черемушки шағын ауданына 2-інші кіреберіс 700 (жеті жүз)  метр жолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, жалпы алаңы 11 мың шаршы метр аула іші аумақтарын және 3 мың шаршы метр жаяу жүргіншілер жолдарын салумен қаланың автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Жөнделген учаскелерде 164,9 (жүз алпыс төрт те тоғыз) км жол белгілері және 39,51 (отыз тоғыз да елу бір) км (зебра) жаяу жүргіншілер өтпесі сызылды.

Ал, «Автодорсигнал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қала жолдарында жасанды кедергілерін төседі: (№1 орта мектебі және Б. Момышұлы 11, Ертіс/Ә. Молдагулова, Строителей 39,45,47, Набережная 39 және 41, Қамзин 31, мешітің қасындағы Б. Момышұлы, Б. Момышұлы 12, №19 бөбектер бақшасы және Ә Молдағұлова ауданы, Народная 8, Беловка Интернациональная, Весенняя, жеке кенттегі Астана, Ақсу шағын ауданындағы Степная, сондай-ақ №2 орта мектебінен супермаркетке дейінгі жолда, № 7 орта мектебінің жолындағы, №20 бөбектер бақшасына қарама-қарсы Горький көшесі бойында, соттың жанындағы  Строителей, Ақсу шағын ауданы Чапаев, Энергетиков, Комсомол көшелері бойында).

Ақсу қаласының № 14(он төрт) және 15(он бес)  шағын аудандарының жаяу жүргіншілер және вело жолдарын орналастырумен автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмысы былтырғы жылы басталды, қаланың 8 көшелеріне асфальт төселді (Рождественская, Молодежная, К. Сәтбаев, 3-көшесі, А. Байтұрсынов, К. Мұңайтпасов, Е. Бекмаханов, Ы. Алтынсарин көшелері). 2023 (екі мың жиырма үшінші) жылы қаржы бөлінсе, жұмыстар одан әрі жалғастырылатын болады.

Жалпы ұзындығы 1,86 км  қала көшелеріне асфальт төсеу (Абая 100 м, Южная 650м, Конечная 700м) және жалпы алаңы 9,0 мың шаршы метр жаяу жүргіншілер жолын жасау ағымдағы жылғы жоспарда (Қамзин (Желтоқсаннан Набережнаяға дейін (тақ жағы), Зеленая, Дөнентаев (полиция бөлімінен «BPG» станциясына дейін), Әуезов (Астана көшесінен Маметоваға дейін), Вокзальная (Әуезовтан Ленин көшесіне дейін), Строителей (Пушкин көшесінен Школьный бульварға дейін), Чапаев, Энергетиков, Комсомольская, Абай көшелері).

50,0 (елу) млн. теңге сомаға Қалқаман ауылы К. Маркс (600м) және Степная (800м) көшелеріне асфальт төсеу, ал Қызылжар ауылы Малайсары(600м), Октябрьге 60 жыл (600м) көшелерін 19,0 (он тоғыз) млн. теңгеге жөндеу жоспарланды.

          «Ауыл ел бесігі» жобасы бойынша ағымдағы жылы Береке, Мәмәйіт Омаров және Көктас ауылдарының 10,1 (он да бір) км жолдарына орташа жөндеу жасалды. 571,3 (бес жүз жетпіс бір де  үш) млн. теңге сомаға ұзындығы 24 км Жолқұдық (8,9 км), Пограничник (12,1 км, Достық (3 км) ауылдары ішкі жолдарына жөндеу жасау да жоспарда.  

          Сонымен қатар, өткен  жылы  ұзындығы 5,6 (бес те алты) км ауыл округтерінің кіреберіс жолдары жөндеуден өтті (Сольветка, Пограничник, Сынтас). Ағымдағы  жылы алты ауылдық елді мекендердің де 9,63 (тоғыз да алпыс үш) км жолдарын 326,9 (үш жүз жиырма алты да тоғыз) млн. тенгеге жөндеу жоспарда (Акжол (1,1 км), Достық (2,9 км), Еңбек (1,5 км), Евгеньевка (2,4 км), Дөнентаев (0,9 км), Сырлықала (0,8 км)).

          Қазіргі уақытта Ақсу қаласында 78 (жетпіс сегіз) бейнебақылау камералары бар, олар Полиция бөлімінің кезекшілік бөліміне қосылған.

          Жол қауіпсіздігін сақтау жұмысы менің жеке бақылауымда тұр және одан әрі жалғастырылуда.

3 Халықты ауыз су сапасы, электрмен, сумен, жылумен қамту мәселелері алаңдатады.

          Былтырғы жылы Достық ауылында 8,1 (сегіз де бір) км су тарту желісі қайта жаңарту жұмысы өткізілді. Сондай-ақ, Жолқұдық, Алғабас Пограничник, М. Омаров, Құркөл, Еңбек ауылдарының тазарту құрылыстары қайта жаңғыртылды. Евгеньевка ауылы су желісінің  жөндеуін ағымдағы жылы 100% (жүз пайызға) аяқтау мақсатында қалалық бюджет қаражаты есебінен 38,6  (отыз сегіз де алты) млн. теңге сомаға су құбыры тазарту құрылысы жаңартылады, ал Еңбек ауылындағы 3 (үш) көшеге 14,0 (он төрт)млн. теңгеге су тартылатын болады (Гагарин, Атамура, Еңбек).

           Сумен жабдықтау жүйесінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында 2023 (екі мың жиырма үшінші) жылы мына жұмыстар атқарылатын болады:

- Черемушка кентінде 7733,8 (жеті мың жеті жүз отыз үш те сегіз) метр су құбыры желілерін салу, оның арқасында 240 үйге су тартылады, онда 980 адамды қамтиды (Диаметр –100ден  225 мм дейін.  «Спецстрой Групп ЛТД» ЖШС, 232,4 млн. тенге, жұмыс сәуірде басталады);

      - 72,8 (жетпіс екі де сегіз)млн. теңгеге Әуезов көшесіндегі 1,7 (бір де үш)км су желісіне жөндеу жасау (Вокзальная көшесінен Дөнентаев көшесі 3А-ға дейін) ;

          -«Аксу су арнасы» кәсіпорнының жоспарында 15,3 (он бес те үш)млн. теңге сомаға жалпы ұзындығы 860 (сегіз жүз алпыс)метр өрт бөлімінен Вокзальная көшесіне дейін диаметрі 400 мм су құбырын ағымдағы жөндеу, Б. Момышұлы мен Народная көшелеріндегі диаметрі 100 мм су желісін қосу, сондай-ақ 2,1 (екі де бір) млн. теңге сомаға 200 метр кәріз желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары бар (1 мен 5 (бірінші мен бесінші)шағын аудандарында диаметрі150-200мм);

      - фекалды сорғы станциясынан кәріз-тазарту құрылыстарына дейін қайта жаңартудың 2 (екінші) кезеңін аяқтаймыз, қаражат толық көлемде бөлінді.

      Азаматтардың өтініштері бойынша:

      -  Қалқаман ауылында 2448 (екі мың төрт жүз қырық сегіз) адам тұратын 1072 (мың жетпіс екі) үйге қызмет көрсететін көтергіш сорғы станциясы салынады;

      - Айнакөл ауылында 617 (алты жүз он жеті) тұрғынның 154 (жүз елу төрт) үйіне көтергіш сорғы станциясы салынады(ТОО «Life Stroy Invest» -165,5 (жүз алпыс бес те бес) млн. теңге).

      Жобаларды іске асыру осы ауылдарды сумен қамтамасыз ету сапасын арттырады.

      Осылайша, ағымдағы жылы 7,7 (жеті де жеті) км жаңа су құбыры және 6 км кәріз желілері тартылады, ал 1,3 (бір де үш) км су құбыры және 1 км кәріз желілеріне жөндеу жасалады.

      Электрмен жабдықтау

      2022  (екі мың жиырма екінші) жылы қаланың 47 (қырық жеті) көшелерінің электр жарықтары жөнделді.

      Ағымдағы жылы "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында Достық (2 (екі)км), Пограничник (1,6 (бір де алты) км), Жолқұдық (11,6 (он бір де алты)км)ауылдарында ұзындығы 15,2 (он бес те екі) көше жарықтарына 142,5 (жүз қырық екі де
бес)
млн. теңге сомаға күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонымен өңірде жарық желісін күтіп-ұстау жұмыстары және көшедегі ДРЛ шамдарын ауыстыру жалғасады.

Жылумен жабдықтау.

      2022 (екі мың жиырма екінші) жылы басталған Қарағанды, Ленин, Калинин, Ертіс, Народная, Южная, Оспанов көшелерінде магистральдық және тарату жылу желілерін қайта жаңартуды ағымдағы жылы аяқтаймыз.  Осы жобаны іске асыру 500 адам тұратын 100 үйді сапалы жылумен жабдықтауға мүмкіндік береді. (жұмысты аяқтау болжамды мерзімі 2023 жылғы қараша. Alyans XXI ЖШС).

          Жылу желілеріне өткізілген түгендеу барысында 8 проблемалық учаскелер анықталды, оны жөндеуге ағымдағы жылы қалалық бюджеттен 100,5 (жүз де бес) млн. теңге қаражат көзделді. 54,8 (елу төрт те сегіз)  млн. теңге сомаға үш учаскеде жылу желілерін ағымдағы жөндеуге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді  (Валиханов, Әуезов (ҚМҮ) және Амангелді көшесі).

          Теплосервис-Аксу Кәсіпорынының инвестициялық бағдарламасы шеңберінде 710 (жеті жүз он) метр жылу желілерін күрделі жөндеу, сондай-ақ әртүрлі диаметрлі жылу желісін жабу жоспарланған.  

Анықтама: Әуезов 87 мен 87А -187 м, Әуезов 31-ден М. Маметова 3, 5-ке дейін – 358,7м, Әуезов көшесінен Әуезов 4А-ға дейін-169м).

Изоляция- 199,5 м жасалды, 354 м-қалды.

          Өткізілген іс-шаралар желілердің үздіксіз жұмыс істеуіне және ондағы апаттық шығындарды төмендетуге, олардың тозбауына әсер етеді.  

          4 Әлеуметтік желілерге және азаматтардың жеке қабылдауынан түскен өтініштердің 80% (сексен пайызы) абаттандыру мәселесіне қатысты.

          «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы шеңберінде автопавильондарды күтіп-ұстау, шағын сәулеттік нысандарды бояу, балалар ойын, футбол және спорт алаңдарын күтіп-ұстау, қоқыс алаңдары мен қоршауын ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

          Қаланың көркі және көрнекті жері болып табылатын орталық көшелерінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйлерінің сырты демеушілік қаражаты қолдауымен ағымдағы жылы боялды (Қамзин 17, 31, 37, Астана 35,32,28, Набережная 35, Әуезов 89, 73). Осы бағыттағы жұмыс жалғасын табуда.

          Көгалдандыру шеңберінде 3666 (үш мың алты жүз алпыс алты) м2 алаңда гүлзар, бір жылғы-көп жылғы  гүлдер, 2602 (екі мың алты жүз екі) ағаш екпелері егіледі, жұмыстың құны - 61,1 (алпыс бір де бір) млн.теңге. Сонымен қатар, көгалдандыру және жасыл белдеу аймағын жасау жоспары аясында қаланың ірі кәсіпорындары 34 600 ағаш екпелерін егуді жоспарға қойды. Жалпы алғанда 37202 ағаш егетін боламыз.

          Қалада барлығы 126 (жүз жиырма алты) аула бар, оның ішінде 64 (алпыс төрт)  - жайғастырылған, 62 (алпыс екі) ауланы абаттандыру қажет.

          2022 (екі мың жиырма екінші) жылы 80,1 (сексен де бір) млн. теңгеге 7 ауланы абаттандыру жұмысы өткізілді (Ленин 16; Әуезов 9,9а,9б; Астана 46,48, Қамзин 67, Астана 3; Ақсу шағын ауданы Абай көшесі; Промышленная 1-8,). 

                   Сонымен қатар, Павлодар облысы әкімдігі және «ERG S.a.r.l» арасындағы өзара ынтымақтастық Меморандумы шеңберінде Ақсу қаласы аумағында 18 (он сегіз) аулалар іші аумағын абаттандыру жобалары іске асырылды (жобаның құны -  292,2 (екі жүз тоқсан екі де екі) млн.теңге). (Дөнентаев 11, Набережная 33, Қамзин 37, Железнодорожная 4, Әуезов 85,83,81, Строителей 28, Пушкин 44, Пушкин 40, Набережная 51,39, Ленин 33,35, Астан 28, Маметова 16,20,22, Маметова 2, Строителей 18, Әуезов 65, Ленин 51, Қамзин 23, Астана 47).

        Сонымен қатар, 2022 жылды Ел Президенті балалар жылы деп жариялады, осыған байланысты ауылдық округтерде 17 (он жеті) балалар ойын алаңдары орнатылды  (Үштерек, Алғабас, Айнакөл, Жолқұдық, Қарабай, Көктас,Сынтас, Ребровка, ескі Еңбек, Сырлықала, М. Омаров, Құркөл, Еңбек, Қалқаман, Ақжол, Достық, Қызылжар – 2 бірлік).

          Сондай-ақ, шағын сәулет нысандары (әткеншек-орындық, бастырмасы бар орындық, урналар, бастырмасы бар әткеншек-орындық, «Ұя» әткеншегі) қалалық саябақ, Орталық жағалау, Жастар саябағы аумағында, «Караван» дүкенінің алдындағы алаңда, Әуезов көшесі бойында орнатылды. Мәдениет және демалыс қалалық саябақта торшерлерді, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін орнатумен жүргіншілер аймағын жайғастыру жұмыстарын жасау жоспарланды. Сонымен бірге, Жағажайды абаттандыру жұмыстары жалғасатын болады, шайынатын кабиналар, әткеншектер, қалқалар орнату жұмыстары жалғастырылатын болады.  

          Қала тұрғындары үшін спорт объектілерінің қолжетімділігін арттыру және спортпен айналысуға оларды тарту мақсатында, сонымен бірге халықтың көптеген өтініштерін ескере отырып, 9 футбол алаңы және 10 футбол алаңының қоршауы орнатылды, 5 баскетбол алаңы жөнделді, Бочча паралимпиадалық спорт түрін дамыту үшін ерекше адамдарға арналған белгілері бар екі алаң орнатылды.

                 Біз Қалқаман ауылында тұрғындардың сұрауы бойынша жасанды жабындымен екінші футбол алаңын қоямыз (12,0 млн.теңге), Сарышығанақ, Айнакөл мен Құркөл ауылдарында) 3 (үш) шағын футбол алаңдарына (22,0 млн.теңге) және қаланың шағын аудандарындағы осындай 3 (үш) алаңға  жөндеу жасаймыз. Осындай шаралардан кейін спорт алаңдарын екі жыл кезең-кезеңмен жаңарту олардың жағдайын 100% (жүз пайызға) жақсартады деп атап кетуге болады.

          «Туған қала» бағдарламасы шеңберінде 2022 (екі мың жиырма екінші) жылы16 жоба іске асырылды. Ал, ағымдағы жылы ERG компаниясының демеушілік қаражаты есебінен 100,0 млн. теңге сомаға 12 жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде 6 балалар ойын және спорт алаңдарын жөндеу жоспарда, Пионер алаңын және мәдениет және демалыс саябағын абаттандыру.

        2900 (екі мың тоғыз жүз)га алаңда дезинсекциялық іс-шараларды өткізу үшін конкурс рәсімдері аяқталды. Конкурстың қорытындысы бойынша мердігер ұйым болып «Cash Trade-KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі анықталды (1482,0 (бір мың төрт жүз сексен екі)млн. тенге).

        Дезинсекциялық өңдеуді тиімді өткізу үшін ғылыми сүйемелдеу жасалады (2,0 млн.теңге), ол бойынша да конкурс аяқталып, «Желдордезинфекция Павлодар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігер болды  (950,0 (тоғыз жүз елу)мың теңге).

   Ақсу шағын ауданы тұрғындарының сұраулары бойынша саябақ 183,4 (жүз сексен үш те төрт)млн. тенгеге жаңғырту жұмыстары өткізілетін болады. Жобаны іске асыру осы аулада тұратын 3800 (үш мың сегіз жүз)адамның бос уақытын өткізу мәселесін шешетін болады.

   Әлеуметтік сала бойынша ағымдағы  жылы біз 2592 жұмыс орындарын құруды жоспарлап отырмыз, оның ішінде: Ұлттық жоба шеңберінде – 144 жұмыс орны.

   Қалалық аурухананы Ұлттық жоба аясында ауданаралық көп салалы мекемеге жаңарту жоспарда тұр. Ауруханада тиісті емдеу-диагностика жабдықтарымен инсульт орталығы, кардиология мен сауықтыру орталығы ашылады, ол өңір халқының сапалы медициналық көмек алуына, жоғары білікті мамандарды тартуға, заманауи технологиялар мен жабдықтарды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

   Білім беру саласында облыстық бюджет қаражаты есебінен (1091,7 (бір мың тоқсан бір де жеті)млн.теңге) №4, Еңбек, Жамбыл және Сарышығанақ орта мектептерінде күрделі жөндеу аяқталды.

     2022 (екі мың жиырма екінші) жылы Береке ауылының орта мектебінің жұмсақ шатырын қаттыға қайта жаңарту инвестициялық жобасы 46,9 (қырық алты да тоғыз) млн.теңге сомаға жасалды.    

   Денсаулық сақтауды дамыту шеңберінде «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2023 (екі мың жиырма үшінші) жылы Пограничный ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салуға өткен жылы жобалық-сметалық құжат әзірленді (165,7 (жүз алпыс бес те жеті) млн.теңге).

   Қаланың даму болашағы:

        -Азаматтарды одан әрі баспанамен қамтамасыз ету мақсатында көп қабатты тұрғын үйлер салынатын болады.  Строителей көшесі 45/1, 45/2.

        -халықтың сумен қамтылуын және оның сапасын арттыру мақсатында «Магистралдық су құбырлары желілерін қайта жаңғырту» жоспарланды (жоба Құрылыс комитетіне ұсынылды).

        -2022 жылы басталған магистральдық және тарату жылу желілерін қайта жаңартуды аяқтау (Калинин, Ертіс, Народная, Южная, Конечная, Оспанов).

        -«Ақсу қаласының № 14(он төрт) және 15(он бес)  шағын аудандарының жаяу жүргіншілер және вело жолдарын орналастырумен автомобиль жолдарын қайта жаңғырту» жұмысын аяқтау (Доспанова, Тәуелсіздік көшелері).

        - ауыл округтері кіреберіс жолына күрделі жөндеуді аяқтау (Ақжол, Береке, Достық, Еңбек, Евгеньевка, Дөнентаев, Сырлықала, Қарабай, Үштерек).

Құрметті кездесуге қатысушылар!

Бұл 2022 (екі мың жиырма екінші) жылы атқарған жұмысымыздың нәтижелері және осы жылға қойылған жоспарлар!

Біздің негізгі міндетіміз – ағымдағы жылдың соңына дейін қабылданған міндеттемелерді шешу және орындау үшін барлық шараларды қолдану, ал ол –  өндіріс көлемінің өсуінің, шағын және орта бизнестің дамуының, халықты жұмыспен қамтудың, құрылыс-жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтаудың, бөлінген бюджет қаражатын 100% (жүз пайызға) игерудің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің үздіксіз жұмысының кепілі.

 

Дата публикации
10 марта 2023
Дата обновления
10 марта 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы