Енді автокөлікте өрт болған жағдайда әрекет пен қажетті шараларды қарастырыңыз. Көлігіңізде әрқашан болуы керек ең маңызды үш нәрсе бар: дәрі-дәрмек, өрт сөндіргіштер және синтетикалық емес шапан.
Көлігіңіз өртенген кездегі сіздің іс-әрекеттеріңіз:
- көлікті тоқтату және қозғалтқышты өшіру;
- көлікті тежеп, дөңгелектерді блоктау (тұрақсыз жағдай оқиғаны ушықтыруы мүмкін);
- жолға сигналдарды қойыңыз;
- зардап шеккендерге көмек көрсетіңіз;
- көмекке шақырыңыз (медициналық және техникалық), өрт сөндірушілерді, полцияны;
- жанармай ағып кетпегеніне көз жеткізіңіз: темекі немесе кішкентай тас өртке себеп болуы мүмкін.
Автокөліктегі өрт құбырлардың жарылуынан, бензиннің ағалып жатқанынан немесе газ баллоннын және карбюратордың жану нәтижесінде туындауы мүмкін. Ондай жағдай туындаған кезде алдымен кілтті тұтану құлпынан алу арқылы контактерді айыру. Көлік газ арқылы жұмыс істейтін болса артқы жүксалғышта орналасқан екі түтікшені жабу керек. Содан кейін өрт сөндіргішпен оттын көзіне қолдану керек; өрт сөндіргіш болмаса құм, жер, шапан, кйім кешекті қолдануға болады. Отқа оранған көлік бөліктеріне күшпен лақтырылған су қапшығы да тиімді.
Одан әрі:
- өрт тек карбюраторды ғана қоршап алса, қозғалтқышты максималды айналымда қосуға болады, ондай әрекет өртті сөндіруге көмектеседі;
- зақымдалған адамдар болса оларды қауіпсіз жерге алып бару керек;
- егер өрт көліктің жанармай тұрған бактың артқы жағын қоршап алса, тек көліктен алыс жаққа алыстау ғана қалады.
Фильмдердегі автокөліктің жарылуы өмірде сирек кездеседі; ол тек жанармай тұрған бактың толықтай бос болуынан немесе көлік газды құрылғылармен жұмыс істесе ғана болады;
- өрт көліктің салонын қоршап алса ол өте қауіпті, өрт бұндай жағдайда тез тарауы мүмкін.
Құрметті Ақсу қаласынынң тұрғындары мен қонақтары өрт қауіпсіздік ережелерін сақтағанда Сіз өзіңіздің ӨРТ сияқты апаттан сақтайсыз.
Ақсу қаласы ТЖБ