Қысқы жылыту маусымында, жеке тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажет:
Жылыту пешін ақаулыққа тағы бір рет тексеру керек.
Ақаулыққа не жатады?
Бұл:
- тұрғын үйдің жанғыш конструкцияларынан ара қашықтықты немесе шегінісін сақтамау;
- 0,5 х 0,7 м темір қаңылтырдың болмауы немесе зақымды түрде пайдалану (ағаш немесе басқада жанғыш материалдан жасалған еденнің үстінде);
- мұржамен пештерді күйеден тазаламау (жылыту мерзімі аралығында мұржаны үш айда бір рет тазалау керек);
Сонымен қатар жылыту пешті қолдану кезінде келесі іс-шараларға тыйым салынады:
- жылыту пешті қараусыз қалдыру, жәнеде пешті кішкентай балалардың қарауына қалдыруға;
- жанармайды және басқа да жанғыш заттарды пештің алдында сақтауға;
- пешті жандыру үшін бензин, керосин, дизельді отынды жәнеде басқада тез жанғаш заттарды қолдануға;
- пешті қатты қыздыруға,
- пештен алынған күл сумен құйылып арнайы қауіпсіз жерге жиналу керек;
- шатыр астындағы барлық түтін құбырлары мен қыбрғалары әктелу керек,
Құрметті Ақсу қаласынынң тұрғындары мен қонақтары, Төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шын жүректен сұрайды, ережелерді сақтау барысында өрттін алдын алуына үлкен үлесіңізді қосасыз.
Қатты отын пеші бұл тек жылудың ғана көзі емес, бұл өрт қаупінің көзі болып табылады.
Немқұраулы көзқарас жағымсыз салдарға әкеліп соғуына үлес қосады.
Ақсу қаласы ТЖБ