Меню

Страницы

Статья

Семинар-кеңес

2023 жылғы 4 наурыз күні  Балалар шығармашылық үйінің ғимаратында 2023 жылғы 19 наурызда өтетін сайлауға  дайындық ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті, онда Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж.Байбакиров, қала әкімінің аппарат бөлім басшысы М.Н.Шолақов және де әкімдіктің бөлімдері, мекемелер мен ұйымдар, кәсіпорындар, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ УСК және АСК төрағалары мен хатшылары, АСК мүшелері қатысты.

Семинар-кеңесті Ақсу қаласының сайлау комиссиясының төрағасы Жакыпов С.Т өткізді.

Отырыстың бірінші бөлімінде сайлау учаскелерін материалдық-техникалық жабдықтандыру, коммуналдық қызметтердің жұмысы, сайлаудың құқықтық аспектілері және т.б мәселелер қарастырылды.

Екінші бөлімде учаскелік және округтік комиссиялар жұмысының ағымдағы мәселелері қаралды. Сырттай дауыс беру бюллетеньдерімен жұмыс, комиссияның дауыс беру күні жұмысының ұйымдастырылуы мен тәртібі, хаттамалармен жұмыс істеуге ерекше назар аударылды. Стандартты емес жағдайлар, бақылаушылармен және сенім білдірілген адамдармен өзара әрекеттесу бойынша бірқатар істер қаралды. Семинар-конференция соңында комиссияларға ОСК тарапынан әдістемелік материалдар берілді.

Дата публикации
06 марта 2023
Дата обновления
06 марта 2023
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы