«Ақсу қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен «Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 мамырдағы «Ақсу қаласы әкімдігі атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 278/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (бұдан әрі - қаулы жобасы) әзірленді.
Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 08 ақпандағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» № 13 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасын жүзеге асыру жергілікті бюджеттен қаржылай шығымды қажет етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталындағы ашық НҚА бөлімінде орналасқан.
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14438104