Меню

Страницы

Статья

Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережеcін бекіту туралы” № 254/3 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережеcін бекіту туралы” № 254/3 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

«Ақсу қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесінде 18-тармақ келесі мазмұндағы 40-1, 40-2, 40-3, 40-4, 40-5, 40-6 тармақшалармен толықтырылсын:

«40-1) қала әкімінің халықпен тоқсан сайынғы тұрақты кездесулерін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;

40-2) жұртшылықпен байланыс бойынша мемлекеттік органның қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

40-3) қала әкімінің аппаратында және қаланың жергілікті атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мониторингі;

40-4) қала әкімінің жеке қабылдауын ұйымдастыру мен өткізуді бақылау;

40-5) қала әкімінің жеке қабылдауда берген тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыру;

40-6) әскери есепке алу және шақыру, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы М.Н. Шолақовқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Қала әкімі                                                                 Н. Дүйсенбинов

Дата публикации
24 февраля 2023
Дата обновления
24 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы