Меню

Страницы

Статья

Үйде тамақ дайындау

Үйде тамақ дайындау-әр адамның өміріндегі күнделікті істердің бірі.Бірақ, өзінің әдеттегі ісіне қарамастан, тіпті мұндай үйреншікті қызметте, тамақ дайындау кезінде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері сақталмаса, қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Мәселен, өткен 2022 жылы Ақсу өнірінің аумағында 510-тен астам хабарлама тіркелген, оның ішінде пештің үстінде тамақтың жану фактісі 16 жағдай тіркелген.

Тамақтың күйіп қалуының себебі көбінесе қарапайым немқұрайлылық болып табылады. Табаны пешке қойып, ол туралы ұмытып кетеді: Олар шаршаудан немесе мас күйінде ұйықтап кетеді, кейде тіпті үйден шығып кетеді. Тамақты пешке қойып, адам саналы түрде дүкенге жетіспейтін өнімді сатып ала алады, осы уақыт ішінде сол табада ештеңе болмайды деп үміттенеді. Өкінішке орай, әрдайым ойлағандай бола бермейді.Жанған тамақтан газ қалыптасып, жану өнімдерінен улануға әкеледі. Сонымен қатар, плитадағы жалынның жайылуы материалдық құндылықтардың жоғалуына ғана емес, адамдардың өліміне де әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, соңғы уақытта қоқыс жинағыштарда, үйдің кіреберісінде қоқыстың тұтану фактілері жиелеп кетті. Негізі себептер – халықтын отқа немқұрайлық пен абайсызда қарау болып келеді.

Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі пәтерлер мен тұрғын бөлмелерде рұқсат етілмейтінін еске салады:

1) тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, газ баллондарын балкондар мен лоджияларда сақтауға міндетті;

2) пәтерде темекі шегуге;

3) балкондар мен лоджиялардан темекі тұқылын тастауға;

4) плитада дайындалып жатқан тамақты бақылаусыз қалдыруға жол берілмейді.

Құрметті Ақсу өнірінің қонақтары мен тұрғындары, ҚР ӘҚБК 410-бабына сәйкес өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін тағы да еске саламыз «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау» кінәлі адамдарға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылатын болады.

 

 

Дата публикации
23 февраля 2023
Дата обновления
23 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы