"Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығы бойынша: санитариялық-қорғаныш аймағы – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін бәсеңдету мақсатында бөліп тұратын аумақ;
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілердің (көздердің) айналасында СҚА белгіленеді, оның өлшемі ластанудың атмосфералық ауаға әсерін (химиялық, биологиялық, физикалық) Ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін гигиеналық нормативтерде (бұдан әрі – гигиеналық норматив) белгіленген мәндерге дейін, ал қауіптілігі I және II сыныптардағы объектілер үшін – гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін, сонымен қатар, халықтың денсаулығы үшін қолайлы тәуекел шамаларына дейін азайтуды қамтамасыз етеді. СҚА-ның өзінің функционалдық қолданылу мақсаты бойынша объектіні штаттық режимде пайдалану кезінде халықтың қауіпсіздігі деңгейін қамтамасыз ететін қорғаныш кедергісі болып табылады.
Объектілердің қауіптілік тобына байланысты осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес СҚА-ның өлшемдері көзделген Объектілердің СҚА ең аз өлшемі жүйелі түрде әзірленеді: алдын ала (есептік) СҚА, (түпкілікті) СҚА.
СҚА жобасын және халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалауды мамандандырылған ұйым әзірлейді және бекітеді және тапсырыс берушімен келісіледі. Әзірленген жобаның толықтығын, дұрыстығын және сапасын қоса алғанда, іс-шаралардың орындалуын тапсырыс беруші мен жобалау құжаттамасын әзірлеуші қамтамасыз етеді.
Санитариялық ажыраудың шамасы әрбір нақты жағдайда атмосфералық ауадағы ластаушы заттар шығарындыларының таралуын және физикалық әсер ету (шу, діріл, ЭМӨ және басқа физикалық факторлар) деңгейлерін есептеу негізінде белгіленеді.
Санитариялық ажырауды белгілеу кезінде ғарыш аппараттарын ұшыруды, әуе кемелерінің ұшу және қону аймағындағы ұшудың стандартты бағыттары бойындағы санитариялық ажырауды қоспағанда, санитариялық ажырауды негіздеу жобасын әзірлеу талап етілмейді (осы Санитариялық қағидаларға 9-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес санитариялық ажырау жүйелі белгіленеді).
ІV және V сыныптардағы объектілерге арналған СҚА алаңының кемінде 60 пайызын (бұдан әрі – %), ІІ және ІІІ сыныптардағы объектілерге арналған СҚА алаңының кемінде 50%, I сыныбындағы объектілерге арналған СҚА алаңының кемінде 40% барынша көгалдандыруды тұрғын үй құрылысын салу жағынан ағаш-бұта көшеттері жолағын міндетті түрде ұйымдастыра отырып көгалдандыру көзделеді.