Павлодар облысы тұрғынының өтініші бойынша Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тапсырмасы негізінде Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Ақсу қаласының сауда нүктелері мен базарларда мониторинг жүргізу барысында пайдаланған пластикалық бөтелкелерде "үй сүті" сатылымда болғаның және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталғаны туралы хабарлайды.
ҚР ДСМ 04.08.2021 ж. № ҚР ДСМ -73 бұйрығымен бекітілген "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері тамақ өнімдерін сақтау және өткізу кезінде төмендегі талаптарды сақтайды:
- "Азық-түлік (тамақ) шикізатын қабылдауға, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге (өңдеуге), тамақ өнімдерін өлшеп орауға және өткізуге қойылатын талаптар" - " Тамақ өнімдерін қабылдау, сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде оның қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттармен, оның қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттармен, сондай-ақ оның қауіпсіздігін растайтын тауарға ілеспе құжаттармен сүйемелденеді 021/2011 КО ТР талаптарына сәйкес сақтау, тасымалдау шарттары және жарамдылық мерзімі туралы ақпарат.
Тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауарға ілеспе құжаттарда өнімнің дайындалған уақыты мен күні, сақтау температурасы және жарамдылық мерзімі көрсетіледі".
- "Тамақ өнімдерін өлшеп-орауға және өткізуге қойылатын талаптар" –
"Объектілерде тамақ өнімдерін қабылдауға, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге жол берілмейді:
Жоғарыда аталғандардың негізінде және жұқпалы аурулар мен тамақтан улану жағдайларын алдын алу мақсатында жеке кәсіпкерлер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етулері қажет.