Туляремия - қоздырғышының таралу механизмі әр түрлі болып келетін табиғи ошақты клиникасында интосикациямен, қызбамен, лимфа түйіндерінің және басқа жүйелердің зақымдалуымен жүретін, зоонозды жедел инфекциялық ауру.
Қоздырғышы қоршаған ортада ұзақ сақталады, әсіресе төмен температураға төзімді және бірнеше күннен 10 айға дейін өміршең болып қалатын ұсақ қозғалмайтын грамтеріс таяқша болып табылады.
Туляремия бактерияларының көздеріне мыналар жатады: су егеуқұйрықтары, ондатрлар, қояндар, шақылдақтар, тышқандар, үй жануарлары - ірі қара мал және ұсақ мал, шошқалар. Бұл жануарлар туляремия бактериялары үшін табиғи тіршілік ету ортасы болып табылады. Қоздырғыш ағзаға терінің ұсақ жарақаттары арқылы, ауыз жұтқыншағының, тыныс алу жолдарының, көздің шырышты қабықтары арқылы енеді.
Туляремияны жұқтыру механизмдері:
4.Аэрозольды– ауру кеміргіштерден туляремия қоздырғышымен ластанған астықты өңдеу, шөпті, сабанды төсеу кезінде шаң-тозанды ішке тарту барысында.
Қалалардың шетінде тұратын немесе балық аулауға, аң аулауға, шомылуға баратын ауыл тұрғындары мен қала тұрғындары жиі ауырады.
Алдын алу кеміргіштерге қарсы күрес, оларды қоймаларда, сарайларда, тұрғын үйлерде жоюға, тұрғын үйлерге, қоймаларға кіруден қорғауға және қоздырғыштың артроподтарымен күресуге бағытталған. Инфекция қаупі жоғары аймақтарға барған кезде жеке гигиенаның сақтық шаралары мен ережелерін сақтаңыз.
Туляремияға қарсы вакцинациялауды туляремия бойынша қолайсыз аумақтарда тұратын халыққа, сондай-ақ тәуекелге ұшыраған адамдарға жүргізеді. Шамамен үш аптадан кейін вакцинацияланған адам алдағы бес жылда ауруға тұрақты иммунитетті дамытады.
Деніңіз сау болыңыз!