Тамақтану және денсаулық ұғымдары өзара тығыз байланысты. «Ас – адамның арқауы» деп бекер айтылмаған. Тамақтанудың адам өмірі үшін атқаратын рөлі зор. Алайда дұрыс тамақтану абзал. Денсаулыққа ең пайдалы азық-түліктер - ол құрамында химиялық қоспалар, консерванттар, көп мөлшерде синтетикалық майлар, қант, ГТА-сыз өнімдер болып табылады. Тағам дәмді, балғын және дұрыс әзірленген болуы тиіс. Азық-түліктерді сатып алған кезде, қаптамада көрсетілген құрамымен мұқият танысыңыз. Сондай-ақ жарамдылық мерзіміне де назар аударыңыз. Кептірілген жемістер, бал, жаңғақтар және майларды қоспағанда, әдетте басқа пайдалы азық-түліктердың жарамдылық мерзімі ұзақ болмайды. Дұрысы, табиғи теңіз өнімдерін, көкөністер, кептірілген жемістер, бұршақ дақылдарын, бал, жидектерді таңдағандарыңыз абзал. Дәл осы тағамдар күнделікті рационыңыздың бір бөлігі болуы керек.
Ендеше, қандай азық-түліктер ең пайдалы болып саналады?
Ең әуелі, бұл жемістер мен жидектер, олардың құрамында көптеген дәрумендер, минералдар, талшықтар және көптеген аминқышқылдары бар. Жемістер мен жидектерді тәуліктің кез келген уақытында тұтынуға болады, бірақ артық салмақтан зардап шегетіндер үшін калориялы тәтті жемістерді таңғы асқа ауыстыру керек немесе күннің бірінші жартысында тұтыну керек.
Құрма өте пайдалы. Олар жөтелді тыныштандырады және қақырықты кетіруге көмектеседі, анемия мен гипертония кезінде пайдалы. Құрманың құрамындағы тағамдық талшықтар қатерлі аурулар қаупін азайтады. Құрмада минералдардың көп мөлшері бар: мыс, темір, магний, мырыш, калий, кальций, фтор, сонымен қатар А, С, В1, В2, В6 дәрумендері.
Көкжидек-лютеин көзі, ең күшті антиоксидант, қан құрамын және жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады. Анардың құрамында суда ерігіш полифенолдар бар, олар жеңіл сіңіп, жұмысқа қабілетті жасушалар түзіп, ағзамыздың тозған жасушаларын алмастыра алады.
Көкөністер де пайдалы, әсіресе химиялық ынталандырғыш қолданбай табиғи түрде өсірілген көкөністер.
Сары май – ағза үшін көптеген құнды қасиеттері бар, ол кілегейді былғау арқылы алынатын табиғи өнім. Пайдасы-майда еритін дәрумендер мен қышқылдардың теңдестірілген құрамында. Мұндай ферменттер біздің ағзамызға оңай сіңіп, адамды энергия және күшпен қанықтырады. Сары май емдік әсерімен танымал, сондықтан асқазан-ішек жолдарының ауруларымен ауыратын адамдар оны рационына қосуы керек. Тағам құрамындағы май қышқылдары жаңа жасушалардың синтезі үшін маңызды. Майдың бай құрамы адам ағзасындағы барлық алмасу процестерді жақсартады. Зәйтүн майына назар аударсаңыз болады, себебі оның құрамында көптеген қоректік заттар бар. Зәйтүн майы обыр жасушаларының өсуі мен дамуына жол бермейді.
Жаңғақтар күш-қуат көзі екенін көпшілік біледі. Алайда, олар мол калориялы, сондықтан аз мөлшерде тұтынылуы керек. Оларда көптеген пайдалы дәрумендер, минералдар, аминқышқылдары бар. Жаңғақтар есте сақтау қабілетін және зейінді жақсартады, серотонин түзілуі процессін жақсартады және жұмысқа қабілеттілік пен төзімділікті арттырады.
Міндетті түрде балық пен етті рационыңызға қосуды ұмытпаңыз, себебі оларда ағзалар мен тіндерді құрудағы маңызды аминқышқылдары бар.
Біздің ағзамызға күрделі көмірсулар да қажет-бұл біз энергия алатын заттар. Мұндай өнімдерге мыналар жатады: талшық, саңырауқұлақтар, бұршақ дақылдары және жарма (қарақұмық, бидай, булгур, сұлы)
Адам ағзасындағы дәрумендердің, микроэлементтердің жетіспеушілігі темір тапшылығы анемиясы, эндемиялық зоб, асқазан-ішек жолдары, жүрек-қан тамырлары жүйесі және қан аурулары, рахит, көру қабілетінің әлсіреуі сияқты бірқатар ауруларды асқындыра алады, сонымен қатар дәрумендердің жетіспеушілігі онкологиялық аурулардың даму қаупін арттырады.
Көріп отырғаныңыздай, дұрыс мәзірді құруда күрделі ештеңе жоқ. Барлық өнімдер еліміздің сауда орындарында қол жетімді және сатылады. Дұрыс тамақтаныңыз және деніңіз сау болсын!