Вирусты «А» гепатиті фекальды-оральды таралу жолы механизмімен кең таралған инфекциялық ауру. Инфекция қоздырғышы бауырды зақымдайтын «А» гепатитінің вирусы болып табылады. Ауруға циклдық белгілер мен күз маусымдылығы тән. Жаздың ыстық маусымында вирустың таралуына қолайлы шарттар туады, ал ауру инкубациялық аралықтың 21-35 күндеріне сай күз айларында анықталады.
Вирусты «А» гепатиті кезінде сулы, тағамдық, қатынасты-тұрмыстық инфекцияның таралу жолдары дамиды. Жиі ретте вирустың берілу факторлары ретінде су себепші болады, термиялық өңдеуден өтпеген тағамдар, өнімдер, спорадиялық ауру кезінде лас қолдар жиі ретте себепші болады.
Су арқылы берілу кезінде сапасыз ауыз суды пайдалану кезінде, «А» вирусты гепатитімен ластанған суды қолдану барысында зарарлану пайда болады, ол кәріздік жүйелердегі апаттық жағдайларда су құбырларындағы лас су арқылы беріледі. Сонымен қатар, өзен, көлдердің, мұхиттардың, басқа да су қоймаларының суы да қауіпті, осы ластанған суға шомылу кезінде де адамдар ауруды жұқтыруы мүмкін.
Қатынасты - тұрмыстық берілу жолы - инфекцияның бұл жолы жеке гигиена шарттарын сақтамағандықтан пайда болады. Жұқтұру факторлары ретінде қол, сонымен қатар инфекция қоздырғышымен қатынаста болған барлық заттар болуы мүмкін. Лас қолдар жиі ретте қоғамдық орындарда болады, бұл ластанған есік тұтқалары, ластанған тұрмыстық заттар (ыдыстар, орамалдар, киімдер, ойыншықтар, т.б.) қатынаста болған кезде жұқтырулары мүмкін
Жұқтыру факторлары ретінде термиялық өңдеуден өтпеген тағам өнімдері- жемістер, көкөністер, салаттар, сонымен қатар ластанған даяр тағамдар, салаттар, винегреттер, шырындар, қауын, сүт, балмұздақ, және т.б.
Инфекция көзі ауру адам болып табылады. Вирус ағзадан нәжіс арқылы бөлінеді. Вирустың көп мөлшері алғашқы ауру белгілері пайда болғанға дейін 7-10 күн бұрын анықталады. Инфекция көзі ретінде маңызды қауіптілікті сарғыш белгілері жоқ және инфекцияның белгісіз түрімен ауру адамдар қауіпті.
Инкубациялық аралық – ағзаға вирустың енуінен бастап клиникалық белгілер анықталғанға дейін 7 ден 50 күнге дейін құрайды, орташа алғанда 21-35 күн.
Ауру дене қызуынан, әлсіздік, бастың ауырсынуы, тәбет төмендеуінен басталады, кейде алғаш белгілер ЖРВИ ұқсас болады. Сонымен қатар жүрек айну, құсу, үлкен дәреттің келмеуі немесе іштің өтуі, оң жақ қабырға астының ауырсынуы пайда болады. 3-5 күннен соң аурудың анық белгілері байқалады – сарғаю. Несеп сары түсті болады, сыра түсіне ұқсас, сілемейлі қабықтар, тері сарғаяды.
Сарғыш белгілер дәрігерге жүгінуге мәжбүрлейді. Яғни вирус тым көп бөлінген уақытта адам өмір сүру салтын сақтап, вирусты қоршаған ортаға белсенді түрде таратады.
Сонымен қатар, ауру сарғылт белгісіз өтуі де мүмкін, ондай жағдайлар сирек кездеседі және тіркеледі, ол сондай-ақ «А» вирусты гепатитінің белсенді таралуына себепші болады.
Ауру ағымы негізінде орташа ауыр немесе жеңіл болады. Сауығумен аяқталады. Жас ерекшелікке сай ауруға тән сарғылт және ауыр түрі ұлғаяды. Аурудың асқынуы бауырдың созылмалы ауру түріне немесе созылмалы «В» және «С» вирусты гепатитінің формасына айналуында.
Алдын алу фекальды-оральды таралу механизміне бағытталған, бәрінен бұрын халықтың өмір сүруінің санитариялық-гигиеналық шарттарының жақсартылуына:
— сапалы ауыз сумен қамту, эпидемиялық тұрғыда қауіпсіз өнімдерімен қамтуда;
— дайындау, тасымалдау, сақтау, әзірлеу технологиялары мен азық-түліктерді сату барысында, әрі кезінде осыған қойылатын сапалы және кепілді санитариялық ережелердің шарттарын құру;
— балалар мекемелерінде, оқу жайларында санитариялық-техникалық, гигиеналық нормалардың және ережелердің, санитариялық-эпидемияларға қарсы тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
— халықтың гигиеналық тәрбиеленуі.
Өзіңді аурудан қалай қорғау керек?
Ең тиімді әдіс вакцинация болып табылады. «А» вирусты гепатитіне қарсы екпелер ұлттық күнтізбеге енгізілген. Вакцинацияға екі жас аралығындағы балалар жатады. Осыдан басқа «А» вирусты гепатиті зарарланудан қарапайым санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтау болып табылады:
— тамақтанар алдында қолды жуу;
— қайнатылмаған суды ішпеу, жеміс пен көкөністерді әрдайым жуу, азық-түліктерді термикалық өңдеу;
Осы қарапайым ережелер Сізді тек «А» гепатитінен ғана емес, сонымен қатар басқа да ішек жұқпаларынан қорғауы әбден мүмкін.