«Парентералдық вирустық гепатит» термині бауырдың асқынуына әкелетін әр-түрлі ауруларды біріктіреді - В, С және Д вирусты гепатиті. Парентералды гепатиттер механизмі және жұқтыру жолдары бойынша АИТВ ұқсас болып келеді, бірақ-та ауруды жұқтыру әлдеқалай жоғарырақ болып келеді.
Ауруды тартушы көзі:
Жіті, аурудың жасырын формасы немесе асқынған түрдегі адамдар және вирусты тасымалдағыш адам.
Гепатит вирустары әртүрлі биологиялық сұйықтықтармен бөлінеді- қан, ұрық, сілекей, зәр, өт, ана сүтімен, ауру жұқтыруда ең үлкен қауіп төндіретін қан және ұрық, аз қауіп төндіретін – сілекей.
Аурудың жұғу жолдары:
Ауру көбіне – ине арқылы, есірткіні қолданғанда бір шприц арқылы бірнеше адам қолданғанда немесе вирусты жұқтырған есірткі арқылы, косметологиялық процедуралар жұғу қауіпі бар - татуировка, пирсинг жасаған кезде; жыныстық қатынас кезінде, жеке қолданатын заттарды науқаспен бірге пайдаланған кезде (қырынуға арналған заттар, маникюралық құралдар, тіс щеткасы, жөке, тарақ, төсек жабдықтары т.б.).
Қауіпті топ:
Парентералдық гепатиттерді жұқтыру қауіпі ең алдымен, адамдардың мінез-құлықтарына эпидемиологиялық жағынан қауіпті стереотиптармен негізделген, мысалы: нашақорлық және жыныстық қарым-қатынас арқылы осыған орай, ақырғы жылдары жас адамдар арасында (18-29жас) парентералдық вирустық гепатит ауруының өсуі анықталып отыр.
Көбінесе медициналық және басқа қызметкерлерде де ауруды жұқтыру қауіпі бар, жиі қанмен жанасқанда, қан препараттарымен, биологиялық сұйықтықпен жұмыс істейтін кәсіби қызметтермен айналысатындарда және бірнеше рет медициналық манипуляциялар жасаған кезде ауруды жұқтыру қауіпі бар.
Негізгі белгілері:
Аурудың ең негізгі белгілері: тәбеттің болмауы, диарея, құсу, бас ауыруы және дене қызуы көтеріледі, іш ауырады, үлкен дәрет ағарады, ал зәр қараяды. Гепатит ауруы міндетті түрде сарғаюдың дамуын білдірмейді. Жиі гепатиттер еш қандай белгілерін білдірмей ағады, ауру адам өзінің ауырғаның сезбей қалуы да мүмкін. Сондықтан да, вирусты жұқтырған көптеген адамдар өздерінің ауыратындарын білмеулері де мүмкін, білмегендіктен ұзақ уақыт бойы басқа адамдарға ауруды жұқтырулары мүмкін.
Парентералдық гепатит- қауіпті ауру
«С» гепатитінде хроника процессінің жиілігі жоғары және 50-80% құрайды. «В» вирусты гепатиттімен салыстырғанда,ол 4 есе жиірек кездеседі.
Денсаулық сақтау мекемелерінде аурудың таралуын алдын алу мақсатында бір рет қолданатын құралдарды пайдаланады, стерильдеу және зарарсыздандыру тәртібіне үнемі бақылау жүргізу ұйымдастырылған. Қан донорлары зертханалық тексерілуден мұқият өтеді.
Парентералдық вирустық гепатиттерді жұқтыруда өзіңізді саналы түрде қауіп-қатерге итерлемеңіз!
- Кездейсоқ жыныстық қатынастардан аулақ болу;
Иммундау ол «В» вирусты гепатитті алдын алу үшін ең тиімді әдіс
«В» гепатитіне қарсы вакцинопрофилактика Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілген және міндетті түрде жаңа туған нәрестелерді вакцинациялауды көздейді (өмірдің алғашқы 24 сағаты).
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялауға жататындар: