Меню

Страницы

Статья

Қызылша деген не?

Қызылша – қоздырғышы вирустар болып табылатын инфекция. Берілу жолы – ауа-тамшылы. Клиникалық көрінісіне тән ерекшелігі – бөртпе.

Вирус ағзаға тыныс жолдары арқылы түседі, ол жерде көбеюіп, қанға енеді. Вирус көмекей без, өкпе-бауыр, жілік майын зақымдап, қанмен ағзаның әртүрлі мүшелеріне тарайды.

Қызылшаның белгілері қандай болады? Қызылша жедел респираторлық-вирустық инфекцияларының белгілерімен ұқсас болып басталады (температураның көтерілуі, жөтел, тұмау, көз жасы ағуы). Осындай күй 2-3 күн бойы сақталады, содан соң бастапқыда бетте, құлақтың артында ашық қызыл біріктірілген бөртпе пайда болып, артынша бүкіл денеге таралады. Қызылшамен ауырған науқас қызыл бөртпенің пайда болған күніне дейін 4 күн және пайда болғаннан кейін 4 күн жұқпалы болып келеді.

Қызылша неге қауіпті? Қызылша ортаңғы құлақтың, өкпенің, кеңірдектің, бронхтың, сондай-ақ ми қабықтарының қабынуымен қауіпті. Қызылша бас миының ісінуі салдарынан соқырлық және кереңдік түріндегі өмір бойғы мүгедектікке  әкеп соқтырады.

Қызылшаны қалай емдейді? Қызылшаны емдеу қиынға соғады. Қызылшаны емдеудің арнайы препараты жоқ.

Антибиотиктерді тек оның асқынуларын емдеуге пайдаланады. Науқасқа дәрумендерге бай тағамдар (көкөністер,жемістер, шырындар), көп мөлшерде сұйықтық ішу қажет.

Қызылшадан қалай сақтану керек? Қызылшадан алдын ала вакцинациялау арқылы ғана сақтануға болады. Вакцинация Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес тегін жүргізіледі.

Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация 12 ай жасында, мектептің алдында 6 жасында жүргізіледі.

Қызылша өте қауіпті, бірақ оның алдын алуға мүмкіндік бар!

Дата публикации
14 февраля 2023
Дата обновления
14 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы