Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық тамақтану объектілерінде жіті ішек инфекцияларының және тағамдық токсикоинфекциялардың алдын алу

          Тұрғындар арасында санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мақсатында Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының алдын алу шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды тұлғалардың, халыққа тамақтандыру қызметтерін көрсететін дара кәсіпкерлердің негізгі міндеттерінің бірі екенін еске салады.

        Қоғамдық тамақтандыру объектілеріндегі тамақтан уланудың және ЖІИ-ның негізгі себептері қызметкерлердің қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы, атап айтқанда: жеке гигиена ережелерін, тамақ дайындау технологиясын, тамақ өнімдерін сақтауды бұзу болып табылады.

Халық арасында тамақтан улану мен ЖІИ алдын алу мақсатында мыналар қажет екенін есте ұстаған жөн:

- Тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болған жағдайда ғана қабылдауды жүзеге асыру;

- Тамақтану үшін пайдаланылатын термиялық өңдеу қажет етпейтін шикі өнімдер мен дайын өнімдерді сақтаудағы шарттарды қатаң сақтау. Тез бұзылатын өнімдерді (ет, балық, сүт, айран, сүт өнімдері және т. б.) дұрыс сақтау және уақтылы пайдалану ерекше назар аударуды қажет етеді.;

- тамақ дайындау технологиясын сақтау;

– Дайындалған және сатылған тамақ өнімдері мен аспаздық тағамдардың тәуліктік сынамаларын стерильді ыдыстарға салып, оларды дайын тамақ өнімдері үшін тоңазытқыш жабдықта +2 °C - +6 °C температурада 48 сағат бойы сақтауды қамтамасыз ету;

- Ас үй жабдықтары мен асхана ыдыстарын жуып зарасыздандыру барысында қойылатын санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.

Қоғамдық тамақтану объектісінің қызметкерлері белгіленген тәртіппен мерзімді медициналық тексеруден, гигиеналық оқытудан өтуге, жеке гигиена ережелерін сақтауға міндетті.

       Ішек дисфункциясының белгілері бар, сондай-ақ қолында жаралары бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.

    Ақсу өңірінің аумағында өткен және ағымдағы жылы халық арасында азық-түлік токсикоинфекциясы және ЖІИ жағдайлары тіркелмегеніне қарамастан, санитариялық дәрігерлер тамақтандыруды ұйымдастырушылар халыққа тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде жоғарыда аталған санитариялық - эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауы қажет екенін еске салады.

 

 

Дата публикации
10 февраля 2023
Дата обновления
10 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы