Меню

Страницы

Статья

Білім беру және тәрбиелеу объектілерінде өндірістік бақылау жүргізу

​ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 6 маусымдағы №239 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің бірі болып табылады. Осы санитариялық қағидаларда меншік нысанына қарамастан барлық объектілерде, оның ішінде білім беру және тәрбиелеу объектілері үшін өндірістік бақылау жүргізуге қатысты қажетті талаптар көрсетілген.

​Өндірістік бақылаудың мақсаты мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесінің құжаттарында белгіленген талаптардың сақталуын өзін-өзі бақылау объектісінде ұйымдастыру және жүргізу жолымен адам үшін өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.

​ Өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жүргізеді.

​Өндірістік бақылау мыналарды қамтиды :

- өндірістік бақылау бағдарламалары;

- рұқсат беру құжаттарының болуын бақылау (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе қызметтің басталғаны туралы хабарламаның талоны);

- зертханалық зерттеулер мен өлшеулерді жүзеге асыру;

- бекітілген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қызметкерлердің медициналық тексеруден уақтылы және толық өтуін бақылау, сондай-ақ жеке медициналық кітапшаларды есепке алу;

- өнімнің қауіпсіздігін және сәйкестігін растайтын құжаттардың (оның ішінде келіп түсетін шикізаттың, тамақ өнімдерімен жанасатын буып-түю материалдарының), құжаттардың (мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің, сәйкестік туралы декларациялардың, сертификаттардың, ветеринариялық құжаттардың) қолданылу мерзімдерінің сақталуын бақылау;

- объектінің жұмысы кезінде қауіптерді басқаруды қамтамасыз ету үшін сыни бақылау нүктелерін айқындай отырып, процестердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау, тәуекел факторларын бағалау, анықталған қауіптерді талдау;

- өндірістік бақылауды жүзеге асыруға байланысты құжаттаманың есебі мен есептілігін жүргізу;

-халықты, жергілікті атқарушы органдарды, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметін, объектінің қызметіне байланысты жаппай инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулардың пайда болу жағдайлары туралы хабардар ету схемасын әзірлеу;

- өндірістік бақылау бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуын, бекітілген санитариялық ережелерге сәйкес гигиеналық талаптардың сақталуын бақылау.

​Осы санитариялық қағидаларға сәйкес білім беру және тәрбие объектілерінде өндірістік бақылауды жүргізу кезінде микроклиматты, ауа ортасын, физикалық факторларды, топырақты, дезинфекциялау құралдарын, азық-түлік шикізатының, жартылай фабрикаттардың, дайын өнімнің, судың сапасы мен қауіпсіздігін химиялық, микробиологиялық,  паразитологиялық қауіпсіздігіне және гигиеналық нормативтерге сәйкестік көрсеткіштеріне зерттеу жүргізіледі. Сондай-ақ, осы санитариялық қағидаларда мектептерде, интернаттарда, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында, балаларды сауықтыру ұйымдарында, ЖОО-да және ООО-да өндірістік бақылау жүргізу кезінде зертханалық зерттеулер жүргізу үшін қажетті сынамалар мен зертханалық-аспаптық өлшеулердің тәртібі, кезеңділігі, саны айқындалады.

​Объектіде өндірістік бақылауды жүзеге асыру халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптардың сақталуын өзін-өзі бақылау әдістерінің бірі болып табылады. Санитариялық-эпидемиологиялық саламатылық саласындағы барлық қажетті талаптарды сақтау аурулардың алдын алуға, балалардың физикалық және психикалық дамуына ықпал етеді, дені сау ұрпақтың қалыптасуына жағдай жасайды.

 

Дата публикации
10 февраля 2023
Дата обновления
10 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы