Листериоз – адамдар мен жануарлардың Listeria monocytogenes бактериясын тудыратын кең таралған қауіпті және табиғи ошақты жұқпалы ауруы. Листериоздың екі негізгі түрі бар: инвазивті емес түрі және инвазивті түрі.
Инвазивті емес листериоз – негізінен сау адамдарда дамитын аурудың жеңіл түрі. Симптомдарға диарея, безгек, бас ауруы және бұлшықет ауыруы жатады.
Инвазиялық листериоз аурудың неғұрлым ауыр түрі болып табылады және кейбір жоғары қауіпті популяцияларға әсер етеді. Олардың қатарында жүкті әйелдер, онкологиялық аурулардан, ЖИТС-дан емделіп жатқан науқастар, қарттар мен сәбилер бар. Аурудың бұл түрі ауыр симптомдармен және жоғары өліммен сипатталады.
Инкубациялық кезең әдетте бір немесе екі аптаға созылады, бірақ бірнеше күннен 2-3 айға дейін өзгеруі мүмкін.
Бактериялар табиғатта кең таралған. Олар топырақта, суда, өсімдіктерде және кейбір жануарлардың нәжісінде кездеседі және тағамды ластауы мүмкін. Көкөністердің ластануы топырақ арқылы немесе көңді тыңайтқыш ретінде пайдаланған кезде болуы мүмкін. Құрамында көп мөлшерде бактериялар бар ластанған тағамды қабылдау жұғудың негізгі жолы болып табылады. Сондай-ақ инфекция адамнан адамға немесе ана құрсағындағы балаға берілуі мүмкін.
Белгілі бір сақтық шараларды сақтаған жөн, әсіресе жұқтырған жағдайда ауыр асқыну қаупі бар адамдар үшін. Оларға иммунитеті әлсіреген адамдар, жүкті әйелдер, 65 және одан жоғары жастағы адамдар жатады.
Келесі ұсыныстар инфекция қаупін азайтуға көмектеседі:
-қалған тағамды 2 сағат бойы таяз жабық ыдыста суытып, 3-4 күн ішінде тұтыну.
-тамақтың қалдықтарын жабық контейнерлерде 2 сағатқа дейін салқын жерде сақтауға болады, кейін оларды 3-4 күн ішінде тұтыну қажет.
- Тоңазытқыш температурасын 4,4 C немесе одан төмен етіп орнатыңыз.
-Мұздатқыш температурасын -17,8 немесе одан төмен етіп орнатуға болады.
Өзіңізге қамқорлық жасаңыз және деніңіз сау болыңыз!