Дерматофития (дерматомикоз) - микроскопиялық саңырауқұлақтардан туындайтын жұқпалы тері ауруы. Зақымданған жер дөңгелектеніп келеді, аурудан шаш, тері және тырнақ зақымдалады. Микроб түскен құйқаға көкшіл-құрғақ қабыршақ түзіліп, кейіннен ол тұтасып кетеді, қоңыр тартып, кедір-бұдырланып үгітіліп бастайды. Жалпы көрінісі тері астында майысқан құрттарды еске түсіреді (осыған байланысты ағылшын аты шыққан- «ringworm»).
Микоздық инфекция (саңырауқұлақтар қоздырған инфекцияны) қалай жұқтырып алуға болады?
Микоздық инфекция байланыс арқылы жұғады. Микоздық инфекцияның кейбір түрлері ылғалды жерлерде мекендейді, мысалы: қоғамдық душтың, моншаның немесе шешінетін бөлменің едендеріңде. Саңырауқұлақша дертін қырма теміреткі түріндегі дерматомикоз формасымен азап шегіп жүрген үй жануарларынан да жұқтырып алуға болады.
Дермотофития дененің қай жерін зақымдайды?
Саңырауқұлақшамен зақымдалған дененің бөлігіне байланысты, дермофитияның бірнеше типтері бар. Дене зақымдалса, ауру тері микозы деп аталып, кішкене қызыл дақтар түрінде болып, кейіннен олар ірі сақинаға ұқсас ошаққа айналады.
Дерматомикоздың кеңінен таралаған түрі ол табан эпидермофитиясы, саусақтың арасы және аяқ терісі зақымдалады. Тері қызарып, қышып тері кеуіп жарыла бастайды. Аталған жағдайда инфекция тырнақ пластинасына таралады (тырнақ дермофитиясы) және қолдың терісі мен тырнақты зақымдайды.
Шаптың айналасы, белде пайда болған дермофития ол шаптың эпидермофитиясы деп аталады. Бұл аурумен тар спорт киімін киген әсіресе ер адамдар зардап шегеді. Бастың шаш жақ бөлігіңдегі дермофития (аталған жағдайда теміретке), шашты зақымдайды. Бұл ауруды жиі балалар жұқтырады.
Дермофитияның алдын алу.
Алдын алудағы ең тиімді жолы ол – теріні таза және құрғақ ұстау. Осыған орай бірнеше қағидаларды ұстанған жөн: