Меню

Страницы

Статья

Микроспория

Микроспория ("құрғақ теміреткі") - адам мен жануарлардың (мысықтар, сирек иттер және т.б.) саңырауқұлақтық және жұқпалы тері ауруы. Микроспория ауруына шалдыққан адамның әсіресе тері мен шашы зақымданады.

Аурудың қоздырғышы-Микроспорум тұқымдастығының микроскопиялық патогендік саңырауқұлақтары.

Қоздырғыштың сыртқы ортада тұрақтылығы:

Микроспорум тұқымдастық түрлерінің көпшілігі сыртқы ортада жоғары тұрақтылығымен сипатталады және олар жануарлардың тері қыртысында ұзақ мерзім сақталады.

Адам жұқпалы (залалданған) жануарлармен (кейде адамдармен) жанасу барысында немесе сыртқы ортаның "жұқпаланған" заттары арқылы, атап айтқанда: киім, сүлгілер, бас киімдер, төсек-орын жабдықтары, кітаптар, ойыншықтар, дәретхана заттары, жануарлардың мекен ортасымен және оларға күтім жасайтын заттар арқылы микроспория ауруын жұқтырады.

Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы жұқтыру сәтінен бастап аурудың клиникалық белгілері пайда болғанға дейін 5-7 күннен бастап 4-6 аптаға дейін уақыт өтеді.

Микроспория ауруын жұқтырған адамдардың негізгі клиникалық көріністері:

дөңгеленген айқын шеттері бар, қабыну дақтар. Дақтың шетінде ұсақ түйіндерден, көпіршіктерден немес қабыршықтардан құралған валик түріндегі дақтар болады. Ошақтар бір-бірінің ішіне орналасқан бірнеше сақина сияқты болуы мүмкін.

Бастың шаш аймағындағы ошақтардың көлемі үлкен, ошақтағы шаштар 4-6 мм деңгейінде сынып, ақшыл-сұр қабықпен жабылған. 

Микроспориямен ауыратын науқастарды емдеу ұзақ уақытты талап етеді, дерматолог дәрігеріне жүгіну керек.

Микроспориялық инфекцияны қалай болдырмауға болады?

Бірнеше ережелерді орындау қажет:

- қаңғыбас жануарлармен байланысты болдырмау;

- сыртта ойнағаннан кейін немесе жануарлармен ойнағаннан кейін балалардың қолын сабынмен мұқият жууды қадағалаңыз;

- ешбір жағдайда қараусыз және бөтен жануарлармен ойнауға болмайды;

- жаңа үй жануарыңызды тексеру және тіркеу үшін ветеринарлық станцияға хабарласыңыз;

- мысықтарды немесе иттерді көшеге тастамаңыз, бұл оларды бірінші кезекте балалар жұқтыратын ауруға әкеледі;

- балалардың денесінің, шашының, тырнақтарының тазалығын бақылау;

- басқа адамдардың бас киімдерін, тарақтарын, сүлгілерін, киімдерін пайдаланбаңыз;

- шаштаразда шаш қиюдан кейін бірден шашыңызды ыстық сумен және жуғыш затпен жуыңыз.

Дата публикации
10 февраля 2023
Дата обновления
10 февраля 2023
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы