Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сай: объект аумағы абаттандырылады және таза күтіп-ұсталады. Ғимаратқа кіреберісте қоқысқа арналған урналар орнатылады. Қоқыстарды жинау үшін қатты жабыны бар алаңда орнатылған контейнерлер қолданылады. Объектілер сумен жабдықтау, суды бұру, жылумен жабдықтау жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Барлық өндірістік және қосалқы үй-жайлар жасанды жарақтандырумен қамтамасыз етіледі. Жарықтандыру аспаптары ластанудан уақтылы тазартылады, күйген шамдар ауыстырылады. Жоғары ылғалды шырақтар қорғаныш плафондарымен жабылады. Объектілердің барлық үй-жайларында ылғалды жинау күн сайын жүргізіледі. Персонал үшін ас ішу, жеке бас тазалығын сақтау, жеке және арнайы киімдерді бөлек сақтау үшін жағдайлар көзделеді. Обьектілердің жұмыскерлері арнайы киіммен қамтамасыз етіледі. Жұмыскерлер медициналық тексеріп-қараудан өтеді.
Химиялық заттар бөлу көздері бар жұмыс орындары, сондай-ақ дақтарды кетіру, ылғалды-жылумен өңдеу жұмыстары жергілікті сыртқа тарату құрылғылары болған жағдайда жүргізіледі.
Химиялық тазалау орнында ауа рециркуляциясы жүргізілмейді.
Жабдықтардан сарқынды суды ағызу жабық тәсілмен жүргізіледі. Сарқынды суды өндірістік үй-жайлардың еденіне, суды бұру жүйесіне ағызуға арналған ашық науаларға жіберу жүргізілмейді.
Еріткіштерді қолдану арқылы бұйымдарды құрғақ химиялық тазалау жүргізілген кезде үздіксіз және тұйық айналым бойынша барлық операциялардың орындалуы қамтамасыз етіледі.
Жабдыққа қызмет көрсету, еріткіштерді жеткізу, мөлшерлеу және салу, сүзуге арналған ұнтақтарды жағу және сүзгі элементтерін механикалық жолмен тазалау бойынша өндірістік операциялар жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.
Бұйымдарды химиялық тазалаудың технологиялық процестерінде сапасы және қауіпсіздігі туралы құжаттары бар реагенттер, заттар және препараттар қолданылады.
Химиялық реагенттер, заттар мен препараттар жергілікті сыртқа тарату желдеткішімен, стеллаждармен, тұғырықтармен жабдықталған, қышқылдар мен сілтілердің әсеріне төзімді едені бар қоймаларда сақталады. Қолдануға рұқсат етілген химиялық және жуу құралдары пайдаланылады.