Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сай: объект аумағы абаттандырылады және таза күтіп-ұсталады. Ғимаратқа кіреберісте қоқысқа арналған урналар орнатылады. Қоқыстарды жинау үшін қатты жабыны бар алаңда орнатылған контейнерлер қолданылады. Объектілер сумен жабдықтау, суды бұру, жылумен жабдықтау жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Барлық өндірістік және қосалқы үй-жайлар жасанды жарақтандырумен қамтамасыз етіледі. Жарықтандыру аспаптары ластанудан уақтылы тазартылады, күйген шамдар ауыстырылады. Жоғары ылғалды шырақтар қорғаныш плафондарымен жабылады. Объектілердің барлық үй-жайларында ылғалды жинау күн сайын жүргізіледі. Персонал үшін ас ішу, жеке бас тазалығын сақтау, жеке және арнайы киімдерді бөлек сақтау үшін жағдайлар көзделеді. Обьектілердің жұмыскерлері арнайы киіммен қамтамасыз етіледі. Жұмыскерлер медициналық тексеріп-қараудан өтеді.
Таза және лас киім-кешекті сақтау үй-жайларында стационарлардың функционалдық бөлімшелерінің атауы көрсетілген стеллаждар бөлінеді. Терапиялық, хирургиялық, обсервациялық, инфекциялық бейіндегі бөлімшелердің киім-кешегі бір-бірінен бөлек сақталады. Киім-кешек әрбір ауыстырылғаннан кейін стеллаждар мен жабдықтардың беттеріне дезинфекция жүргізіледі.
Инфекция жұқтырған киім-кешек өңделетін кір жуу орындары мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) инфекция жұқтырған киім-кешекті қабылдау үй-жайы басқа үй-жайлардан оқшауланады;
2) киім-кешекті қабылдау, іріктеу және жуу үй-жайлары дербес сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады;
3) инфекция жұқтырған киім-кешекті суға жібітіп қою киім-кешекті іріктеу бөлмесінде жүргізіледі;
4) жуу алдында және жуу кезінде киім-кешек зарарсыздандырылады;
5) сарқынды су тазартылады және зарарсыздандырылады.