Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сай: объект аумағы абаттандырылады және таза күтіп-ұсталады. Ғимаратқа кіреберісте қоқысқа арналған урналар орнатылады. Қоқыстарды жинау үшін қатты жабыны бар алаңда орнатылған контейнерлер қолданылады. Объектілер сумен жабдықтау, суды бұру, жылумен жабдықтау жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Барлық өндірістік және қосалқы үй-жайлар жасанды жарақтандырумен қамтамасыз етіледі. Жарықтандыру аспаптары ластанудан уақтылы тазартылады, күйген шамдар ауыстырылады. Жоғары ылғалды шырақтар қорғаныш плафондарымен жабылады. Объектілердің барлық үй-жайларында ылғалды жинау күн сайын жүргізіледі. Персонал үшін ас ішу, жеке бас тазалығын сақтау, жеке және арнайы киімдерді бөлек сақтау үшін жағдайлар көзделеді. Обьектілердің жұмыскерлері арнайы киіммен қамтамасыз етіледі. Жұмыскерлер медициналық тексеріп-қараудан өтеді.
Кір жуу орындарының сәулеттік-жоспарлау шешімі технологиялық процестің ағындылығының сақталуын және таза және лас киім-кешектің жанасуын, қиылысуын болдырмауды көздейді.
Кір жуатын орынның үстінде қоғамдық үй-жайлардың терезелері орналасқан кезде, кір жуатын және кептіретін үй-жайлардың терезелері фрамугалар мен желкөзсіз қатты жабылады.
Аурухананың төсек жабдықтарын жуу кезінде, аурухана төсек жабдықтарының басқа киім-кешекпен жанасу мүмкіндігін болдырмайтын арнайы технологиялық желі бөлінеді.
Таза және лас киім-кешекті тасуға арналған легендер, арбалар таңбаланады және мақсаты бойынша пайдаланылады.
Таза киім-кешек пен бұйымдарды тасымалдау қаптамаланған түрде жүзеге асырылады.