Меню

Страницы

Статья

Коронавирустық инфекция және вакцинациялау мен ревакцинацияның пайдасы туралы!

Коронавирустық инфекция (COVID-19) – SARS-CoV-2 вирусынан туындаған жұқпалы ауру.

Вирусты COVID-19 вирусы бар адамға жақын болу кезінде ауа тамшылары арқылы немесе зарарланған заттарға жанасқаннан кейін көздің, мұрынның немесе ауыздың шырышты қабаттарына қолды апару нәтижесінде жұқтыруға болады. Вирус жабық ғимараттарда немесе адамдар көп жиналған жерлерде тез таралады.

Әлемдегі коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы күрделі. Күн сайын бүкіл әлемде коронавирустық инфекция аурулары тіркеледі. Бүгінгі таңда коронавирус жалпы алғанда 228 елде анықталды.

Павлодар облысында 2022 жылғы 7 желтоқсандағы жағдайы бойынша КВИ-ның 80813 жағдайы тіркелді, облыс бойынша күн сайын 2-3 жағдай тіркеледі, 2022 жылғы 7 желтоқсанда аурушаңдықтың өсуі – 6 жағдайды құрады. Ақсу өңірінде пандемия басталғаннан бері КВИ ауруының 7546 жағдайы тіркелді, оның ішінде ауру белгілері бар – 6199 жағдай.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекция бойынша аурушаңдық өсуде, Сіздерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға және ревакцинациялауға белсенді қатысуға шақырамыз. КВИ-ға қарсы егу аурудан 100 пайыз қорғаныс бермейді, бірақ бұл өзіңізді асқынулардан сақтандырудың және пандемияны тоқтатудың ең жақсы жолы болып табылады.

Алғашқы екі айда вакцинацияланған адамдарда "ковидке" тұрақты иммундық жауап қалыптасатыны әлдеқашан дәлелденген. Кейбір адамдар ауырып қалады, өйткені оларда вакцинациядан кейін иммунитет қалыптасып үлгермеген. Ол ұзақ уақытты қамтиды - бірінші екпеден кейін антиденелер пайда болуы үшін 21 күн қажет, содан екінші екпеден кейін тағы 21 күн, содан соң біраз уақыт өте келе, иммунитет қалыптаса бастайды. Екпе алған адамның инфекцияны жұқтырып алу ықтималдылығы шамамен екі ай көлемінде екен.

Вакцинациядан кейін коронавируспен ауырып қалу, нақты айтқанда, тұмауға қарсы екпе алғаннан кейін ауырып қалу қаупі тәрізді қауіп бар. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, 90%-дық жағдайда адам аурудан екпе арқылы қорғалған. Қалған 10%-дық жағдайда вакцинация аурудың ауыр асқынып немесе өліммен аяқталатындай дәрежеде адамның ауырып қалуына жол бермейді.

Қалай болғанда да, егер біз вакцинацияның тәуекел/пайда қатынасы туралы айтатын болсақ, бүгінгі күні вакцинация екпе алған адамның ауырмайтынына немесе ауырып, бірақ сырқаты ауыр түрде өтпейтіндігіне кепілдік береді. Вакцинадан кейін аурудың ауыр түрде өтуі, ол дегеніміз, адамға өкпені жасанды желдету құрылғысын қосатын немесе өлімге әкелетін халде болуы мүмкін емес, бұл - әлемдік деңгейде дәлелденген. Коронавирус және басқа да аурулар бойынша деректерді талдай отырып, медициналық қауымдастық сондай шешімге келді.

Ревацинация – бұл қайта егі. Ол бірінші жағдайдағыдай – иммунитетке вируспен күресіге және аурудың алдын алуға көмектесу үшін жүзеге асырылады.

COVID-19-ға қарсы ревакцинация жаңа короновирустық инфекцияның барлық штаммдарынан қорғауға арналған антиденелердің жеткілікті деңгейі үшін бастапқы вакцинациядан кейінгі 6 айдан кейін ұсынылады.

Вакцинациялау курсы аяқталғаннан кейін алты айдан соң коронавирусқа қарсы иммунитет әлсірей бастайтындығы дәлелденген. Сол кезде адамды қауіпті инфекциядан қорғау үшін бустерлі вакцинация іске кіріседі немесе оны ревакцинация деп те атайды. Бұл вакцинаның бұрын алынған екі дозасы аясында ауырып қалу қаупін айтарлықтай азайтады.

Қазақстанның аумағында үш және одан да көп ай тұратын, КВИ-ге қарсы вакцинаның бастапқы курсын толық аяқтап алған шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинациялауға жатады.

Бұрын КВИ-ге қарсы алғашқы вакцинация курсын алған жүкті әйелдерді КВИ-ге қарсы ревакцинациялау жүктіліктің 16-шы-37-ші аптасы аралығында "Комирнати" (Pfizer, АҚШ) вакцинасын қолдану арқылы жүргізіледі.

КВИ-ге қарсы бастапқы вакцинациялаудың толық курсы бар КВИ-мен ауырған тұлғаларды КВИ-ге қарсы ревакцинациялау сауыққаннан кейін 3 айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.

Медицина қызметкерлеріне, 50 жастан асқан адамдарға, сондай-ақ "Комирнати" (Пфайзер) вакцинасын қолдана отырып, бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге КВИ-ге қарсы ревакцинация жүргізуге рұқсат беріледі, сондай-ақ осы вакцинаны 12 жастан асқан және басқа да ниет білдірушілерге егуге болады.

Құрметті Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтың тұрғындары, ревакцинациялаудан өтіп, денсаулығыңызды сақтаңыз!

 

 

Дата публикации
08 декабря 2022
Дата обновления
08 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Instagram
Ақсу шаңырағы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы