1.1. Өнеркәсіп
2026 жылғы 1 сәуірге өнеркәсіп өндірісінің көлемі 188 314,0 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 2025 жылдың ұқсас кезеңіне 92,6% құрады (2025 ж. - 176 165,9 млн. теңге, НКИ-106,7%). Себебі: АФЗ-та № 63 пешке жөндеу жүргізу, 2026 жылы кейіннен қыздырумен және пештерге ағымдағы жөндеу жүргізу бойынша жөндеу бағдарламасын түзету.
- тау-кен өндіру өнеркәсібінің өндіріс көлемі - 458,6 млн. теңге, НКИ – 171,3% (2025 ж. – 154,7 млн. теңге, НКИ – 96,6%);
- өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі - 158 884,9 млн. теңге, НКИ-90,3% (2025 ж. – 148 515,2 млн. теңге, НКИ – 109,4%);
- электрмен жабдықтау - 28 598,4 млн. теңге, НКИ – 103,3% (2025 ж. – 27 161,3 млн. теңге, НКИ - 95,6%);
- сумен жабдықтау – 372,0 млн.теңге, НКИ – 115,6% (2025 ж. – 334,7 млн. теңге, НКИ – 95,9%).
1.2. Ауыл шаруашылығы
2026 жылғы қаңтар-наурыз айлары ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 5 896,9 млн. теңгені құрады. НКИ - 158,6% (2025 ж. – 3 321,9 млн. теңге, НКИ - 114,6%).
Өсімдік шаруашылығы - 211,0 млн. теңге, НКИ - 100,0%.
Мал шаруашылығы – 5 548,4 млн. теңге, НКИ - 163,6%
Ақсу өңірінде 577 ауыл шаруашылығы құрылымдары бар.
Мал шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы саны:
ІҚМ - 53 297 бас, 103,5% (2025 ж. - 51 514 бас);
жылқы - 24 414 бас, 118,4% (2025 ж. – 20 627 бас);
қой 70 721 бас, 110,6% (2025 ж – 63 960 бас);
ешкі 4375 бас, 87,0% (2025 ж – 5029 бас);
шошқа 280 бас, 39,7% (2025 ж – 705 бас);
құстар – 337 383 бас, 917,3% (2025 ж. – 36 779 бас).
Тірі салмақтағы ет – 2 127,7 тонна (196,0%), сүт – 8 446,4 тонна (105,8%), жұмыртқа - 249,7 мың дана (105,7%) құрады.
1.3. Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі – 7 211,4 млн. теңгені құрады. НКИ – 129,5% (2025 ж. – 5 156,9 млн. теңге, НКИ - 114,2%).
1.4. Тұрғын үйді енгізу
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 15 772 ш.м., НКИ – 100,4% (2025 ж. – 15 705 ш.м., НКИ – 100,3%).
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі - 20 379,5 млн. теңгені құрады. 2025 жылдың ұқсас кезеңінде НКИ - 125,4% (2025 ж. 15 058,3 млн.теңге, НКИ – 87,1%).
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны тіркелген 3634 бірліктен 3387 бірлік немесе 2025 жылдың ұқсас кезеңіне 95,7% (3846 бірліктен 3541 жұмыс істейтін - 92,1%).
Бөлшек сауда көлемі 8 946,3 млн. теңгені құрады, НКИ - 2025 жылдың ұқсас кезеңіне 100,1% (2025 ж. – 8 001,8 млн. теңге, НКИ – 100,0%).
Анықтама: Көтерме сауда көлемі - 2 850,9 млн. теңге, НКИ -103,8%.
5.1 Еңбек нарығы
Жұмыссыздық деңгейі – 4,9% құрайды.
Есепті айдың басында жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 1534 адамды құрады.
2026 жылғы 1 сәуірге 278 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды, жастар практикасына 9 адам жіберілді.
Қоғамдық жұмыстарға - 170 адам.
Жалпы сомасы 26,2 млн.теңгеге 108 отбасына (548 адам) АӘК тағайындалды.
5.2. Еңбекақы төлемі
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 459 975 теңгені немесе 2025 жылға 110,4% құрады (2025 жылғы 4 тоқсан ішіндегі стат. деректер).
Ақсу өңірінде 25 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде: 22 – орта, 2 – негізгі, 1 - бастауыш, 15 – балабақша, оның ішінде 1-жекеменшік, 15 – жалпы білім беретін мектептер жанындағы шағын орталықтар, 3-қосымша білім беру ұйымдары (БӨМ, БШҮ, БЭТО).
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 97,4%, 2 жастан 6 жасқа дейін - 100%, 3 жастан 6 жасқа дейін - 100 %.
Өңір бойынша барлығы 0-6 жастан бастап - 3935 бала, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін - 2880 бала.
1-11 сынып оқушыларының контингенті 11140 құрайды. 5 мектепте оқыту қазақ тілінде, 19 қазақ және орыс тілдерінде, 1 орыс тілінде жүргізіледі.
Барлық мектептер компьютерлермен, ішкі және сыртқы модификациялардың бейнекамераларымен, Ақсу қаласы полиция бөлімінің пультіне шығарылатын дабыл түймелерімен қамтамасыз етілген.
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша онкологиялық ауру бойынша көрсеткіштің 13,7% – ға (100 мың тұрғынға шаққанда 243,2, 2025 ж. - 282,0) ұлғаюы байқалады, бұл ретте қан айналымы жүйесінің сырқаттану көрсеткіші 10,7% – ға (100 мың тұрғынға шаққанда 3023,8, 2025 ж. - 2731,2) ұлғайды.
Сапалы орталық сумен қамтамасыз ету - 98,0%, электрмен жабдықтау - 100%, жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 115,0 км.
Өңір бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы Ақсу өңірі бойынша аудандық маңызы бар 671,3 км құрайды (оның ішінде республикалық маңызы бар - 182 км; облыстық маңызы бар - 61 км; аудандық маңызы бар – 134,4 км; қала көшелері 80,9 км, ауылдық елді мекендердің кентішілік көшелері - 213 км).
Аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеуге 787,0 млн. теңге қарастырылған.
Жылу желілерінің тозуы – 52,7%, электр желілерінің тозуы - 69%, су құбыры желілерінің тозуы – 67,2% құрайды.
Қала көшелерінің қанағаттанарлық және жақсы жағдайдағы үлесі 70,3% құрады.
6 ауылдық округте 11 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, оның 11 қызметтік автокөлік бар.
1 қоғамдық құрылым жұмыс істейді, онда 38 қоғамдық полиция көмекшісі бар.
2026 жылғы қаңтар-наурыз ішінде 66 қылмыс тіркелді (2025 ж. - 95), оның ішінде 4 көшеде жасалды (2025ж. - 5).
Ақсу өңірі бойынша 1-3 санаттағы кірістер 2026 жылғы 1 сәуірге 74,6% орындалды (жоспар бойынша 1 677,3 млн. теңге 1 250,4 млн. теңге түсті, ауытқу - 426,9 млн. теңге КТС, ЖТС және шығыс бөлігін реттеу бойынша ең көп орындамау есебінен).
Бюджет шығыстары жоспар барасында 2 820,9 млн. теңге, игерілді 2 817,2 млн. теңгеге немесе нақты шығындар есебінен 99,9%.
РБ - 0,0 млн. теңге;
ОБ - 0,0 млн. теңге;
ЖБ - 3,7 млн. теңге – (3,7 млн. теңге – өзге де үнемдеу).