Су тасқыны кезінде инфекциялық аурулардың алдың алу туралы.

Су тасқыны кезінде инфекциялық аурулардың алдың алу туралы.

 

Су тасқыны мен мұз жүру кезеңі өте қауіпті, сондықтан бізден тәртіптілік, сақтық және қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерін сақтауды талап етеді.

Су тасқыны көбіне қардың еруі кезінде байқалады және өзендер мен көлдердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде аумақтардың су астында қалуына әкелуі мүмкін. Су тасқынынан елді мекендер, егістік алқаптары, коммуникациялар, соның ішінде су бұру жүйелері зардап шегеді.

Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мыналарды ұсынады:

Ішуге және тамақ дайындауға тек шөлмектегі немесе қайнатылған суды пайдалануды;
2. Су басқан жерлерде бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеуді;
3. Шөлмектегі ауыз су қорын қамтамасыз ету және кеміргіштер қолы жетпейтін жерлерде жабық ыдыстарда сақтауды;
4. Азық-түлік қорын қамтамасыз ету, тасқын сулармен суланған тамақ өнімдерін пайдаланбау, бұл ретте жарамдылық мерзіміне назар аудару және кеміргіштер мен тасқын су жетпейтін жерлерде сақтауды;
5. Шикі көкөніс пен жемісті тамаққа пайдалану алдында мұқият жууды (содан кейін қайнаған сумен шаю қажет);
6. Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендеуден, тамақ дайындаудан кейін және пісіру процесіндегі әрбір үзілістен кейін қолды сабынмен жууды;
7. Инфекциялық аурулардың белгілері болған кезде (қызба, жүрек айну, құсу, сұйық нәжіс, тамақтың ауыруы, бөртпе және т. б.) бұл туралы медицина қызметкеріне дереу хабарлау қажет;
8. Емдеу мекемесі жүргізетін медициналық тексеру кезінде жүрек айну, құсу, іштің өтуі, дене қызуы көтерілуі және аурудың басқа да пайда болған симптомдары шағымдарының болуын жасырмай, олар туралы медицина қызметкеріне міндетті түрде хабарлау керек;
9. Ауланы барлық қоқыстан тазартуды ;
10. Кеміргіштерді жою жөнінідегі жұмыстарды жүргізуді;
11. Су тасқынынан кейін барлық үй-жайларды дезинфекциялық ерітінділермен өңдеуді ұсынады.

Ақсу қ. СЭББ бөлім басшысының  м. а. Ш.К. Ахметова

Дата публикации
17 марта 2026