Бруцеллёз

Бруцеллёз – бұл адамдарға жануарлардан жұғатын инфекциялық ауру.

Ауру адамға ауыр малмен байланыста болғанда немесе шикі сүт пен пастеризацияланбаған сүт өнімдерін қолданғанда берілуі мүмкін.

Белгілері:

ұзаққа созылатын температура

әлсіздік және терлеу

буындар мен бұлшықеттердегі ауырсыну

лимфа түйіндерінің үлкеюі

Бруцеллёздің қауіптілігі – ол созылмалы формаға өтіп, буындарды, жүректі және жүйке жүйесін зақымдауы мүмкін.

Алдын алу шаралары:

тек пастеризацияланған сүт өнімдерін пайдалану

жануарлармен жұмыс істегенде қорғаныс шараларын сақтау

малға ветеринарлық бақылау жүргізу

Денсаулығыңызды қорғаңыз және қауіпсіз өнімдерді таңдаңыз.

 

Ақсу қалалық СЭББ бас маманы М М Есельбаева

 

Дата публикации
17 марта 2026