Ботулизм – ботулизм токсиндерімен ластанған тағамдарды қолдану нәтижесінде пайда болатын және жүйке жүйесінің ауыр зақымдануымен сипатталатын тағамнан улану.
Ботулизм қоздырғыштарының тұрақты мекені – топырақ. Сол жерден олар саңырауқұлақтарға, жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге, суға және т.б. түседі.
Ботулизм қоздырғыштарының дамуы үшін міндетті шарт – оттегінің болмауы. Мұндай жағдайлар герметикалық жабылған банкаларда, дұрыс ысталмаған еттің ішінде, кептірілген балықта болуы мүмкін.
Көптеген консервілер ботулизм таяқшасының көбеюі үшін қолайлы қоректік орта болып табылады.
Ботулизм токсині сыртқы орта әсеріне төзімді, бірақ 10–15 минут қайнатқанда ғана жойылады.
Ботулизмнің инкубациялық кезеңі 6–8 сағатты құрайды, бірақ кейде 8–10 күнге дейін созылуы мүмкін.
Ботулизмнің негізгі алдын алу шаралары:
үй жағдайында саңырауқұлақ, ет, балық және көктерді консервілеу ұсынылмайды;
консервілеу үшін тек жаңа жемістер мен көкөністерді пайдалану керек, ұзақ жатқан немесе бүлінген өнімдерді консервілеуге болмайды;
көкөністер мен жемістерді мұқият жуу қажет;
банкалар мен қақпақтарды стерилизациялау ережелерін және үй жағдайында өнімдерді жылумен өңдеу тәртібін қатаң сақтау керек;
үйде дайындалған консервілерді төмен температурада сақтау, ісінген (бомбаж болған) банкаларды міндетті түрде жарамсыз деп тауып, жою қажет;
базарларда немесе қолдан үйде дайындалған консервіленген саңырауқұлақтарды немесе көкөністерді жабық қақпағы бар банкаларда сатып алуға тыйым салынады.
Ботулиндік токсинге балалар әсіресе сезімтал, сондықтан үй жағдайында консервіленген өнімдерді балаларға алдын ала жылумен өңдемей беруге болмайды.
Ботулизмнің алғашқы белгілері пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Бұл сіздің денсаулығыңыз бен өміріңізді сақтауға мүмкіндік береді.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова