Құтырма

Құтырма

 

Құтырма – вакцинация арқылы бақыланатын, орталық нерв жүйесіне әсер ететін, жануарлардан адамға жұғатын вирус инфекциясы. Құтырма иттің, мысықтың, үй және жабайы малдың арасында кездеседі.

Инфекция адамдар мен жануарларға сілекей арқылы, көбінесе қабу, тістеу, тырнау немесе шырыш қабықшаларымен (көз, ауыз қуысы немесе ашық жаралар) тікелей байланыс арқылы таралады.

Құтырманың инкубациялық кезеңі әдетте 2–3 айды құрайды, бірақ вирустің енген жері және вирус жүктемесі сияқты факторларға байланысты бір аптадан бір жылға дейін өзгеруі мүмкін.

Аурудың алдын алу: Өкінішке орай, қазіргі таңда медицинада құтырманың емдеу тәсілдері жоқ. Алайда, бізде қуатты және жоғары тиімді алдын алу құралы бар. Ол- вакцина.

Ақсу қ. СЭББ бас маманы Е. Н. Гулина

 

Дата публикации
17 марта 2026