ВПЧ вакцинациясына қатысты мифтер
Адам папиллома вирусына (ВПЧ) қарсы вакцинация – рактың әртүрлі түрлерінің дамуымен байланысты инфекциялардан қорғанудың ең тиімді әдістерінің бірі. Вакциналардың қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденгеніне қарамастан, ВПЧ вакциналарына қатысты көптеген мифтер мен қате түсініктер бар.
Енді сол мифтердің ең кең тараған түрлерін қарап, ғылыми зерттеулер мен әлемдік сарапшылар растаған фактілерді ұсынамыз.
Миф 1: ВПЧ вакциналары қауіпсіз емес
Факт: 2006 жылы тіркеуден бері ВПЧ вакциналарының 500 миллионнан астам дозасы таратылды, және олардың қауіпсіздігі мұқият зерттелген.
Миф 2: ВПЧ вакциналары тиімді емес
Факт: ВПЧ-ға қарсы вакциналар аурулардың таралуын төмендетуде жоғары тиімділігін дәлелдеді. Мысалы, АҚШ-та вакцинаны енгізгеннен кейінгі 11 жылда 13–26 жас аралығындағы әйелдер арасында ВПЧ жұқтыру деңгейі 81%-ға төмендеді. Бұл вакцинация бағдарламасының елеулі жетістігін және оның қоғамдық денсаулыққа қосқан үлесін көрсетеді.
Миф 3: ВПЧ вакцинациясы бедеулікке әкеледі
Факт: ВПЧ-ға қарсы вакцина әйелдердің репродуктивті функцияларына әсер етпейді. Дамыған елдерде жүргізілген көпжылдық клиникалық зерттеулер вакцинаның бедеулікке еш қатысы жоқ екенін көрсетті. Керісінше, ВПЧ туғызған ракқа шалдыққан адамдар емделуге мәжбүр болуы мүмкін, бұл олардың балалы болу қабілетін шектеуі ықтимал.
Миф 4: Вакцинада рак клеткалары бар
Факт: Вакцина құрамында рак клеткалары да, толық вирус та жоқ. Вакцина тек ВПЧ-ның жекелеген ақуыздарын ғана қамтиды, олар организмнің иммундық жүйесін белсендіреді және вирусқа қарсы антиденелердің түзілуін ынталандырады. Сондықтан вакцина рак тудыра алмайды және оның құрамында канцерогенді компоненттер жоқ.
ВПЧ вакцинациясына қатысты мифтер халық арасында вакцинация деңгейінің өсуіне және рактың дамуына әкелетін вирусқа қарсы қорғаныстың күшеюіне кедергі келтіреді.
Вакцинация – ауыр аурулардан қорғаудың қауіпсіз әрі тиімді әдісі, оның артықшылықтары негізсіз қорқыныштардан әлдеқайда басым.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова