Моншалар мен сауналарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу тәртібі

Моншалар мен сауналарға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу тәртібі

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес сыйымдылығы 20 және одан да көп орынға арналған моншалар мен сауналар эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге жатады және қызметін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (СЭҚ) болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

СЭҚ алу үшін өтініш «электрондық үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы беріледі.

Өтінішке міндетті түрде аккредиттелген зертханалар жүргізген зертханалық зерттеулер мен аспаптық өлшемдердің нәтижелері қоса тіркеледі.

Атап айтқанда, судың бактериологиялық, санитариялық-химиялық және паразитологиялық көрсеткіштері бойынша зерттеу хаттамалары, сондай-ақ микроклимат параметрлерінің (ауа температурасы, салыстырмалы ылғалдылық, ауа алмасу жиілігі) өлшем нәтижелері ұсынылуы тиіс.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 13 жұмыс күні.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда өтініш берушіге дәлелді бас тарту туралы жауап жолданады.

Сыйымдылығы 20 орыннан кем моншалар мен сауналар үшін қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарламаны портал арқылы жолдау тәртібі көзделген.

Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова

Дата публикации
11 марта 2026