Құтыру

Құтыру

Құтыру - ауру жануар тістегеннен кейін сілекеймен жұғатын, орталық жүйке жүйесініңзақымдауымен жүретін, құтыру вирусы (Rabies virus) тудыратын табиғи-ошақты аса қауіпті өліммен аяқталатын жіті жұқпалы ауру. Клиникалық белгілердің пайда болу кезеңінде оның өлімі 100% құрайды.

Вирусты тасымалдаушыларға жабайы жануарларды да (қасқыр, түлкі, шиебөрі, борсық, тарбаған, жарқанат, кеміргіштер және т.б) үй жануарларыда (ит, мысық) жатады.

Құтырудың алдын алу шаралыры жануарлар арасындағы құтырумен күресуден тұрады: үй жануарларын, қаңғыбас және жабайы жануарларды вакцинациялау, карантинге белгілеу.

Құтырған немесе белгісіз жануарлар тістеген адамдардағы жараны дереу немесе тістегеннен не зақымданғаннан кейін мүмкіндігінше ертерек емдеу жүргізу қажет; жараны сабынмен және сумен (детергентпен) жуу және 40-70 градус спиртпен немесе йод ерітіндісімен өңдеу керек.

Жараны өңдеуден кейін, дереу арнайы емдеу жүргізіледі, ол антирабиялық вакцинамен емдік-профилактикалық иммундаудан тұрады.

 

Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова

Дата публикации
03 марта 2026