Сергітетін сусындар туралы не білуіміз керек??
Мұндай өнімдер көбіне еңбек қабілетін, зейінді және төзімділікті арттыратын құрал ретінде ұсынылады. Құрамы мен қауіпсіздік талаптары. Сергітетін сусындардың негізгі әсер етуші заттарына кофеин, таурин, гуарана, женьшень және басқа да стимуляторлар жатады. Бұл компоненттердің мөлшері белгіленген нормаларға сәйкес болуы қажет. тыс болуы немесе бірнеше стимуляторлардың біріктірілуі жүрек-қантамыр және жүйке жүйесіне теріс әсер етуі мүмкін.
Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес, сергітетін сусындардың заттаңбасында (маркировкасында) өнімнің құрамы, энергетикалық құндылығы және қолдануға шектеулер туралы толық әрі нақты ақпарат көрсетілуі тиіс.
Заттаңбада міндетті түрде мыналар жазылады:
- кофеин мөлшері (100 мл өнімге миллиграммен көрсетіледі);
- балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ жүрек-қантамыр аурулары бар адамдарға ішуге болмайтыны туралы ескерту;
- тәуліктік тұтыну мөлшерін шектеу жөніндегі ұсыным.
Өндірушілер мен жеткізушілер сергітетін сусындарды өндіру, сақтау, тасымалдау және сату кезінде техникалық регламенттер талаптарын сақтау үшін жауап береді. Қадағалау органдары өнімнің қауіпсіздік нормаларына және таңбалау мәліметтерінің дұрыстығына сәйкестігін тексеріп отырады.
Сергітетін сусындар заманауи нарықтың бір бөлігі болғанымен, олардың айналымы қатаң реттелуі тиіс. Дұрыс таңбалау, құрамды бақылау және тұтынушыларды ақпараттандыру - өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шаралары. Өндірушілердің жауапты көзқарасы мен тұтынушылардың саналы таңдауы ғана мұндай өнімдердің зиян келтірмеуін және нарықтың ашық әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова