Лептоспироз

 

Лептоспироз - (Leptospira) тұқымдастығының бактериялары тудыратын жедел жұқпалы ауру.

Ауру капиллярлардың зақымдалуымен, жиі бауырдың, бүйректің, бұлшықеттердің зақымдалуымен, интоксикациямен және тұрақты безгегімен бірге жүреді.

Ауру адамға байланыс, су және тамақ жолдары арқылы беріледі. Адамдар лептоспироз ауруын көбінесе су арқылы (ашық Тұщы су қоймаларында шомылға, балық аулаған немесе ашық су қоймалары мен құдықтардан қайнатылмаған су ішкен кезеде) жұқтырады. Сонымен қатар, ауру инфекция жұққан өнімдерді (ауру жануарлардан алынған ет және сүт өнімдерді) тұтыну, егер теріде және шырышты қабаттарда жаралар немесе сызаттар болған кезде, ауру жануарлармен тікелей байланыс нәтижесінде, сондай-ақ зарарлы жануарлардың зәрімен ластанған сыртқы орта объектілері арқылы пайда болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, барлық ауылшаруашылық жануарлары (ірі қара және ұсақ қара мал, жылқы, қой, шошқа), үй жануарлары (иттер, мысықтар), жабайы жыртқыштар (түлкілер, қасқырлар, шиебөрілер), аң терісі (қара күзендер, ақ түлкілер), кеміргіштер (саздықұндыздар, тышқандар, сұр тышқандар, егеуқұйрықтар) жыртқыш, үй және жабайы құстар лептоспирозға сезімтал.

Инфекцияның негізгі көзі: тышқандар, егеуқұйрықтар, кірпілер, жертесерлер. Кеміргіштер өмір бойы тасымалдаушы және инфекцияның негізгі жұқтыру көздері болып табылады.

Лептоспироз инфекциясының жеке алдын алу шараларына мыналар жатады:

- тамақ өнімдері мен суды кеміргіштердің секрецияларымен ластанудан қорғау;

-тұщы су айдындарында шомылуды шектеу;

-ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде қорғаныш киімін (оның ішінде бетперде немесе мақта-дәке таңғыш және ылғал өткізбейтін қолғап) пайдалану;

- тұрғын үй-жайларды таза ұстау (кеміргіштермен күресу, үнемі тазалау).

Жоғарыда аталған жеке алдын-алу шараларын сақтай отырып, Сіз лептоспирозды жұқтыру қаупіне ұшырамайсыз.

Аман болыңыздар!

 

Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова

 

Дата публикации
03 марта 2026