Вакцинация — қауіпті инфекциялардан, соның ішінде тұмау, қызылша, көкжөтел, дифтерия және басқа да жұқпалы аурулардан қорғанудың ең тиімді жолы. Жүйелі түрде егулерді жүргізу аурудың кең таралу қаупін төмендетіп, әсіресе балаларды, қарт адамдарды және созылмалы аурулары бар тұрғындарды қорғауға мүмкіндік береді.
Басқарма мамандарының мәліметі бойынша, вакцинацияны төмен деңгейде жүргізу ауру көрсеткішінің өсуіне және өмірге қауіп төндіруі мүмкін асқынулардың көбеюіне әкеледі. Өңірде қолданылатын вакциналар сапа бойынша қатаң бақылаудан өтіп, қауіпсіздік пен тиімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Басқарма мамандары ұсынады:
Вакцинация — тек жеке қорғау емес, сонымен қатар қоғам денсаулығына қосқан үлес. Әрбір вакциналанған адам инфекцияның таралуын азайтып, айналасындағылардың денсаулығын қорғайды.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова