Қанттың пайдасы мен зияны
Қант — ағза үшін жылдам энергия көзі. Ол аз мөлшерде қажет, себебі глюкоза ми мен бұлшықеттердің жұмысына қатысады.
Пайдасы:
энергияны тез толықтырады;
көңіл-күйді жақсартады;
ойлау қабілетін қолдайды.
Артық мөлшердегі зияны:
артық салмақ қосу;
диабеттің даму қаупі;
тіс жегісі;
жүрек пен қан тамырларына түсетін жүктеменің артуы;
қандағы қант деңгейінің күрт көтерілуі.
Негізгі қағида — мөлшермен тұтыну. Қантты шамадан тыс пайдалану пайдасынан гөрі зиянын көп тигізеді, сондықтан оның рационыдағы мөлшерін бақылау маңызды.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы Е.Н. Гулина