Тәрбие және білім беру нысандарында тамақтан уланудың алдын алу туралы
Тамақтанудан улану — сапасыз, бұзылған тағамды тұтынғаннан кейін пайда болатын ас қорыту жүйесінің өткір бұзылысы. Әдетте бактериялардан (мысалы, Salmonella, Escherichia coli), олардың токсиндерінен немесе вирустардан туындайды. Тамақтанудан уланудың белгілері: жүрек айну, қатты құсу, асқазанның бұзылуы, іш өту.
Тәрбие және білім беру нысандарында тамақтануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар мектеп оқушылары арасында тамақтанудан улану жағдайларының тіркелуін болдырмау үшін қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық талаптарды орындауды қамтамасыз етуі қажет. Атап айтқанда:
- Технологиялық және тоңазытқыш жабдықтарын дұрыс жағдайда ұстау, белгіленген кесу құралдарын пайдалану;
- Медициналық тексеруден және гигиеналық оқытудан өтпеген персоналды жұмысқа жібермеу;
- Шикізат пен азық-түлікті қабылдау кезінде тексеру құжаттарының болуын қамтамасыз ету;
- Технологиялық процестің реттілігін және ағымдылығын сақтау;
- Тағамдарды тарату алдында күнделікті органолептикалық сапа бағасын жүргізу;
- Күнделікті суық тектес сынамаларды арнайы тоңазытқыштағы бөлінген жерде сақтау;
- Тыйым салынған тағамдар мен өнімдерді дайындауға және сатуға жол бермеу;
- Өндірістік және жеке гигиена ережелерін сақтау үшін жағдай жасау;
- Персоналдың денсаулығын күнделікті бақылау;
- Өндірістік бөлмелерде жуғыш және дезинфекциялық заттарды пайдалана отырып, күнделікті ылғалды тазалау жүргізу.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы Е.Н. Гулина