Туберкулез – денсаулықты қалай сақтауға болады?

Туберкулез – денсаулықты қалай сақтауға болады?

Туберкулез – бұл туберкулез бактериялары ағзаға енген кезде дамитын жұқпалы ауру. Негізінен бұл ауру өкпені зақымдайды. Сирек жағдайларда ми мен оның қабықтарының, сүйектердің, буындардың, бүйректің, жыныс мүшелерінің, көздің, ішектің және басқа органдардың туберкулезі болуы мүмкін. Инфекция негізінен ауа тамшыларымен, науқас адамнан сау адамға тыныс алу жүйелері арқылы жұғады, ауа арқылы жұғатындықтан науқаспен тікелей байланыста болу міндетті емес, сіздің ауруды кез-келген жерде жұқтыруыңыз мүмкін.

Туберкулез бактериялары туберкулезбен ауыратын адамдардың өкпесінде өсіп, көбейеді. Бұл жағдайда қабыну пайда болады, содан кейін тіндер бұзылады, ыдырау аймақтары, миллиондаған бактериялардан тұратын каверналар пайда болады. Жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде туберкулез бактериялары қоршаған ортаға шығады. Туберкулез бактериялары ауада бірнеше сағат бойы болуы мүмкін. Сондықтан туберкулез бактерияларын жұқтырудан ешкім қорғана алмайды, өйткені барлығымыз бір ауамен демаламыз. Егер туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыс ұзақ және жиі болса жұқтыру қаупі артады. Егер адамның қорғаныс қабілеті жақсы болса, науқастармен байланыс ұзаққа созылмаса, адамның өкпесіне енген туберкулез бактериялары дене жасушаларымен жойылады және ауру пайда болмайды.

Аурудың қоздырғышы - туберкулез микобактериялары (Кох таяқшасы) қоршаған орта әсеріне төзімді, өзінің қасиеттерін жерде, қарда сақтайды, спирттің, қышқылдардың, сілтілердің әсеріне төзімді. Сонымен қатар, ол тікелей күн сәулесінің, жоғары температураның, құрамында хлоры бар заттардың ұзақ әсерінен жойылады.

Ауруды уақытылы анықтау, диагноз қою және дұрыс емдеу арқылы туберкулездің дамуын аурудың басталып келе жатқан кезінде тоқтатуға болады.

Бүгінгі таңда әрбір адам туберкулездің негізгі белгілерін білуі керек. Аурудың бастапқы кезінде жалпы әлсіздік, шаршау, тәбеттің жоғалуы мүмкін. Ауру күшейген кезде ұзақ уақыт дене қызуының көтерілуі, жөтел, кеуде қуысының ауыруы, тершеңдік, салмақ жоғалту, жұмысқа деген қабілеттің төмендеуі пайда болады. Жөтел-туберкулездің ең негізгі белгісі. Егер жөтел екі аптадан астам уақытқа созылса, міндетті түрде тексерілу керек. Туберкулезге тексерілу - тегін.

Туберкулез – жалпы қоғамдық мәселе, аурудың өсуі мен таралуын  әр адам туберкулездің алдын алу шараларын білгенде және оны күнделікті қолданғанда ғана    тоқтатуға болады.

 

Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова

 

 

 

 

Дата публикации
23 февраля 2026