Қызылша туралы не білу керек?

Қызылша туралы не білу керек?

Қызылша — қызылша вирусынан туындайтын жедел вирустық жұқпалы ауру. Қызылшаның қоздырғышы ауа-тамшылы жол арқылы беріледі.

Ауру бөртпенің пайда болуынан емес, алдымен суық тию белгілерінен басталатынын есте сақтау маңызды: дене қызуы 38–40 градусқа дейін көтеріледі, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу, қатты әлсіздік, тәбеттің болмауы байқалады. Кейін көздің шырышты қабығының қабынуы (конъюнктивит) дамиды. Аурудың алғашқы белгілерінен 3–5 күн өткен соң бір-бірімен қосылуға бейім ашық қызыл дақтар түріндегі бөртпе пайда болады. Ұсақ қызғылт дақтар тез үлкейіп, пішіні дұрыс емес болып, кейде өзара бірігеді.

Қызылшадан болатын өлім жағдайларының көпшілігі осы ауруға байланысты асқынулардың салдарынан болады. Ең ауыр асқынуларға соқырлық, энцефалит (ми ісінуіне әкелетін инфекция), ауыр диарея және соған байланысты сусыздану, құлақ инфекциялары және пневмония сияқты тыныс алу жолдарының ауыр инфекциялары жатады.

Қызылшаға күдік туған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну қажет. Бұл диагнозды тез қою және емдеуді бастау үшін ғана емес, сондай-ақ науқас барған ұжымда эпидемияға қарсы шараларды дер кезінде жүргізу үшін де маңызды, өйткені инфекция өте жұқпалы.

Өзіңізді және балаларыңызды қызылшадан тек вакцинация арқылы қорғауға болады. Қызылшаға қарсы вакцина – бұл аурудан және оның ауыр асқынуларынан қорғайтын жалғыз сенімді әдіс. Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация балаларға 12 айлық жаста және 6 жаста қайта жүргізіледі. Бұрын ауырмаған немесе егілмеген байланыста болған адамдарға науқаспен байланысқаннан кейін 72 сағаттан кешіктірмей екпе жасалады.

Еске саламыз, қызылшамен егілмеген әрбір адам ауырады. Сондықтан вакцинация мерзімдерін қатаң сақтау және инфекция ошағында эпидемияға қарсы шараларды жүргізу өте маңызды. Егуден бас тарту — адамзатқа төнетін ең қауіпті он қатердің бірі.

Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова

 

Дата публикации
23 февраля 2026