Бруцеллёзбен қалай ауырмауға болады?
Бруцеллёз — адамға ауру жануарлардан (көбінесе қой, ешкі, сиыр) жұғатын жұқпалы ауру.
Негізгі алдын алу шаралары:
- Шикі сүт және сүт өнімдерін пайдаланбаңыз
• Тек қайнатылған немесе пастерленген сүт ішіңіз.
• Үй жағдайында дайындалған ірімшік, брынза және термиялық өңдеуден өтпеген басқа да өнімдерді пайдаланудан аулақ болыңыз.
- Етті мұқият пісіріңіз
• Ет жеткілікті термиялық өңдеуден өтуі тиіс.
• Шикі тартылған етті (фаршты) дәмін татып көрмеңіз.
- Жануарлармен жұмыс істегенде қорғану шараларын сақтаңыз
• Қолғап пен арнайы киім пайдаланыңыз.
• Жануарлардың қаны, плацентасы және бөлінділерімен жанасудан сақ болыңыз.
• Жұмыстан кейін қолды мұқият жуыңыз.
- Өнімдерді тек ресми сауда орындарынан сатып алыңыз
• Өнімдер міндетті түрде ветеринариялық бақылаудан өтуі тиіс.
- Жануарларға ветеринариялық бақылау жүргізу
• Ауыл шаруашылығы жануарларын тұрақты түрде вакцинациялау және тексеру қажет.
Дәрігерге қашан жүгіну керек?
Егер жануарлармен байланыстан немесе шикі өнімдерді тұтынғаннан кейін:
• ұзаққа созылған дене қызуы,
• әлсіздік, тершеңдік,
• бұлшықет пен буындардың ауыруы байқалса,
дереу дәрігерге жүгіну қажет.
Осы ережелерді сақтау жұқтыру қаупін айтарлықтай төмендетеді.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова