Табиғи өрттердің алдын алу және орман қорының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар бөлімімен үйлестіру арқылы өрт қаупі жоғары учаскелерде қамыс шабу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізді.
Аталған жұмыстар жыл сайын өрт қауіпті кезең қарсаңында жүргізіліп, дала және орман өрттерінің туындауы мен таралу қаупін төмендетуге бағытталған. Қамыс пен құрғақ өсімдіктер тез тұтанатын материалдарға жатады және әсіресе ыстық әрі желді ауа райы жағдайында өрттің жылдам таралуына себеп болады.
Қамыс шабу өртке қарсы аралықтарды құруға мүмкіндік беріп, өрттің орман қоры мен оған іргелес аумақтарға таралу ықтималдығын едәуір төмендетеді. Елді мекендерге, орман алқаптарына және өрт шығу қаупі жоғары аймақтарға жақын орналасқан учаскелерге ерекше назар аударылады.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б