Бүгін Масленица мерекесін атап өту аясында С. Донентаев атындағы алаң аумағында Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Қызметкерлер іс-шараға қатысушыларға отпен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін еске салып, төтенше жағдай туындаған кезде әрекет ету тәртібін түсіндірді және халықтың өрт қауіпсіздігі бойынша сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық материалдар таратты.
Іс-шара өрттердің алдын алу және азаматтарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б