Республикалық «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» акциясы аясында Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі №13 өрт сөндіру бекетінде Қалқаман ауылының орта мектебінің оқушылары үшін Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шара барысында өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері оқушыларды өрт сөндіруші мамандығымен таныстырып, қызметтің ерекшеліктері мен жауапкершілігі туралы айтып берді. Оқушыларға өрт сөндіру техникасы, арнайы құрал-жабдықтар және жауынгерлік киім үлгілері көрсетілді.
Кездесу барысында өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, тұрмыста және мектепте қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі айтылды. Сондай-ақ өрт туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету алгоритмі мен шұғыл қызмет нөмірлері еске салынды.
Оқушылар өрт сөндіру көлігін қызығушылықпен қарап, мамандарға сұрақтар қойып, пайдалы ақпарат алды. Осындай профилактикалық шаралар жасөспірімдердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б