Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Ақсу ферроқорытпа зауыты, «ТҰК «Қазхром» АҚ құрамына кіретін кәсіпорын жұмысшыларымен тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді.

Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Ақсу ферроқорытпа зауыты, «ТҰК «Қазхром» АҚ құрамына кіретін кәсіпорын жұмысшыларымен тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді.

 

Аталған іс-шара тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды, себебі статистикаға сәйкес өрттердің басым бөлігі тұрмыстық жағдайда орын алады. Кездесу барысында ТЖ қызметкерлері өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын түсіндіріп, тұрмыстық өрттердің ең көп таралған себептері мен олардың алдын алу шараларын жеткізді. Ерекше назар электр жабдықтарын дұрыс пайдалану, электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсірмеу, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігіне аударылды.

 

Ақсу қаласы тұрғындарының едәуір бөлігі Ақсу ферроқорытпа зауытында еңбек ететінін ескере отырып, мұндай профилактикалық кездесулерді аталған кәсіпорында өткізу кең аудиторияны қамтуға және жеке әрі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды ақпаратты тиімді жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар қауіпсіздік мәдениетін арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тұрақты негізде жалғастырылатын болады.

 

Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б

 

Дата публикации
23 февраля 2026