Бүгінде азық-түлік өнімдерін өндіретін немесе өткізетін әрбір кәсіпорын олардың қауіпсіздігі үшін ерекше жауапкершілік көтереді. Дәл осы мақсатта барлық тамақ өнеркәсібі және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары үшін міндетті болып табылатын HACCP (Hazard Analysis and Critical Control Points) жүйесі қолданылады.
Бұл – тұтынушылардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін қауіптердің алдын алуға бағытталған халықаралық деңгейде мойындалған құрал.
Жүйенің мәні өндірістік процесті кезең-кезеңімен бағалауда: шикізатты қабылдаудан бастап дайын өнімді шығаруға дейін.
HACCP өнімнің ластануы мүмкін болатын сыни бақылау нүктелерін анықтауға және оларды қатаң бақылау шараларын белгілеуге мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік жүйесі әр кәсіпорын үшін өнімнің ерекшелігін, өндіріс көлемін, өндірістік аймақтардың санын және басқа да факторларды ескере отырып жеке әзірленеді.
Азық-түлік өнімдерін өндірушілер үшін бұл жүйені енгізу жай ғана ұсыныс емес – бұл заң талабы.
Кеден одағының «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес HACCP рәсімдері ірі қайта өңдеу кәсіпорындарында, балалар, диеталық және спорттық тағамдар, тағамдық қоспалар мен сусындар өндіретін ұйымдарда, қоғамдық тамақтандыру орындарында, өз өндірісі бар бөлшек сауда кәсіпорындарында, білім беру ұйымдарында, ас блогы бар уақытша тұру орындарында және тамақтандыруды қамтамасыз ететін өзге де ұйымдарда міндетті түрде енгізіліп, тұрақты түрде қолдау көрсетілуі тиіс.
HACCP жүйесінің болуы бизнеске айтарлықтай артықшылықтар береді: ақаулы өнім көлемін азайтады, ірі сауда желілерімен және экспорт бағытында ынтымақтастық орнатуға жол ашады, тендерлер мен мемлекеттік сатып алуларға қатысуға мүмкіндік береді.
HACCP жүйесін енгізген кәсіпорындар өндірістік бақылаудың қосымша бағдарламасын әзірлеу қажеттілігінен босатылады айта кету керек.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова